Ерғали Сиябекұлы Оразымбетов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Кинематограф Ерғали Сиябекұлы Оразымбетов<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9,"Қазақ Энциклопедиясы", 10 том</ref> (1943 жылы 10 қазанда ОҚО Түркістан ауданы Шорнақта - 2016 жылы 25 қазанда ОҚО) — қазақстандық театр режиссері, театр педагогы, профессор. Қазақстанның халық әртісі (1998). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Халықаралық театр фестивальдерінің жүлдегері.

Толығырақ

Шығармашылығы

Ол Қызылорда облысы драма театры сахнасында жергілікті қаламгерлердің (Иран-Ғайыптың, “Күшігінен таланған”, 1988; “Тоғызыншы вал”, “Желжуан немесе мен байымнан қорықпаймын, соңғы екеуі де 1991; “Батқан кеменің бейбақтары”, 1993; “Мен ішпеген у бар ма?”, 1997; І.Найманбаев, “Айттым бітті!” және І.Сүйенішев, “Әлі бойдақпысың?”, екеуі де 1989; Ә.Ақпанбетов, “Түнгі көбелек”, А.Хангелдин, “Керемет”, [[екеуі де 1998]]) шығармаларын қою арқылы өмірдің өзекті мәселелерін көтеріп, өзіне тән реж. өнер бағытын айқындады. Сондай-ақ ұлттық, дүниежүз. классика, осы заманғы қазақ жазушыларының, аударма драматург. туындылар бойынша да спектакльдер қойып, өзі де драматургия жанрында (“Арманым, әнім іңкәрім”, А.Кіребаевпен бірге, 1990; “Қиял-ғажайып театр”, 1999) қалам тартты. Режиссер балаларға арналған бірқатар спектакльдерді сахнаға шығарды. Қойған спектакльдері айшықты көркемдік-сахналық, композиция-құрылымдық тұтастығымен және реж. ізденімпаздыққа толы тапқыр шешімімен ерекшеленді. Оның қойған Б.Брехттің “Кавказдың бор шеңбері” (1996, 2001) спектаклі таңдаулы көркемдік шешімі үшін 2001 жылы Халықаралық “Сорос – Қазақстан” қоры байқауының жүлдесіне ие болды.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Марапаттары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер