Еркебұлан Мұратұлы Дайыров

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Кинематограф Еркебұлан Мұратұлы Дайыров (1986 жылы 12 тамызда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасазда туған) — қазақстандық театр және кино актері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері (2018).

Қазақстан жастар одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты (2013). Қазақстан Республикасы Мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Театрда 30 астам басты және қосалқы рөлді, ал кинода 20 астам басты және қосалқы рөлдерді сомдады.

Өмірбаяны

Еркебұлан Мұратұлы 1986 жылы 12 тамызда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасазда дүниеге келген.

Білімі

2004 - 2008 жылдары Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Музыкалық драма актері» мамандығы бойынша бітірген.

Кәсіби қызметі

2006 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында.

2022 жылдан Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Музыкалық театр» кафедрасының оқытушысы. Актер шеберлігі І, ІІ пәндерін оқытады.

2021 жылы актер режиссер Эльмира Гильманның «Күнбағыс» (Sunflower) фильміндегі рөлі үшін Каннда өткен «World Film Festival» байқауының «Азияның үздік актері» номинациясын жеңіп алды<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Сонымен қатар, аталған картина «Istanbul Film Awards» халықаралық фестивалінде 7 бірдей аталым бойынша үздік деп танылды. Осы байқауда Еркебұлан Дайыров тағы да «Үздік актер» жүлдесіне ие болды. Фильмнің сюжеті виртуалды ойын әлеміне ену арқылы мектеп пен үйдегі қысымнан қашқан 14 жасар Әмірдің оқиғасы арқылы ата-ана мен бала арасындағы күрделі қарым-қатынасты баяндайды<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

2022 жылы «ŞAM» теартрының құрылтайшысы.

Театр

  • М. Әуезов «Абай» (реж. Е. Обаев) – Айдар,
  • М. Әуезов «Еңлік – Кебек» (реж. Х. Әмір-Темір) – Кебек,
  • М. Әуезов «Қилы заман» (сахналық нұсқасы: Н. Оразалин, реж. Ә. Рахимов) – Айтбай,
  • Т. Мәмесейіт «Бәкей қыз» (реж. Ә. Рахимов) – Жылқышы,
  • С. Мұқанов «Мөлдір махаббат» (реж. Ә. Рахимов) – Бүркіт,
  • Ғ. Мүсірепов «Махаббат дастан» (реж. Қ. Сүгірбеков) – Жантық,
  • Т. Нұрмағанбетов «Бес бойдаққа бір той» (реж. Ә. Рахимов) – Нарбол,
  • Д. Исабеков «Актриса» (реж. Н. Жұманиязов) – Ерлен,
  • Д. Исабеков «Мұрагерлер» (реж. О. Кенебаев) – Төрехан,
  • Д. Исабеков «Жаужүрек» («Балуан Шолақ», реж. Е. Обаев) – Балуан Шолақ,
  • И. Сапарбай «Қыз мұңы» (реж. Е. Обаев, Т. Аралбай) – Ғазиз,
  • Иран-Ғайып «Мен ішпеген у бар ма?..» (реж. О. Кенебаев) – Абай,
  • Н. Оразалин «Шырақ жанған түн» (реж. Н. Жақыпбай) – Сағын,
  • Р. Отарбаев «Бейбарыс сұлтан» (реж. Ю. Ханинга-Бекназар) – Қалауын,
  • Қ. Мұрат «Бақыт кілті» драмасында (реж. Е. Обаев) – Бауыржан,
  • У. Шекспир «Ромео мен Джульетта» (реж. О. Салимов) – Меркуцио,
  • Н. Гоголь «Үйлену» (аударған: О. Қыйқымов, реж. В.И. Захаров) – Подколесин,
  • А. Володин «Қоштасқым келмейді...» (аударған және реж. А. Маемиров) - Козлов,
  • Ғ. Мүсірепов «Қыз Жібек» (реж. Е. Нұрсұлтан) – Бекежан,
  • М. Әуезов «Қарагөз» (реж. Е. Нұрсұлтан) - Сырым

Фильмографиясы

  • 2012 – 2014 – «Тағдыр» - эпизод
  • 2013 – «Бауыржан Момышұлы» - Бауыржан Момышұлы
  • 2015 – «Жат» - эпизод
  • 2015 – «Шлагбаум» - эпизод
  • 2016 – «Анаға апарар жол» - Мұқан
  • 2016 – «Қазақ елі» - Жәнібек
  • 2016 – «Жұлдыздар тоғысқанда» - Әбіш
  • 2016 – «Тараз» - Сапар
  • 2018 – «Алтын Орда» - Мұсаб
  • 2019 – «Қазақ хандығы. Алтын тақ» – Жәнібек
  • 2019 – «Балуан Шолақ» –
  • 2019 – «Томирис» – Харасп
  • 2022 – «ҚАШ»Исатай
  • 2023 – «ГОК» –
  • 2024 – «Эмир Самарканда» – Жәңгір сұлтан
  • 2024 – «Нулевые» –
  • 2024 – «Сәлем, папа» –
  • 2024 – «Соңғы үкім» –
  • 2025 – «Капитан Байтасов»
  • 2025 – «№37» – Расул
  • 2025 – «Алло»
  • 2025 – «Оффсайд»
  • 2025 – «Тамыр»
  • 2025 – «Менің атым Қожа 2: жаңа саяхат»

Марапаттары

  • Қазақстан жастар одағы "Серпер" сыйлығы (2013)
  • Приз за лучшую мужскую роль (фильм «Шлагбаум», Казахстан, 2015) МКФ<ref>Үлгі:Cite web</ref>
  • Қазақстан Республикасының мәдениет пен өнер саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері.
  • Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» төсбелгісі (Ауған соғысы ардагерлері ұйымдары қауымдастығы, 2014)<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
  • «Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі (2016)
  • ҚР Еңбек сіңірген қайраткері (2018)
  • CANNES FILM AWARDS фестивалінің «Үздік Азия актері» номинациясы (2022)

Отбасы

Актердің жұбайы — Ләйлә Тілеуова (театрдағы әріптесі). Еркебұлан болашақ жарымен театрдағы «Ромео мен Джульетта» спектаклінің дайындығы кезінде танысқан. Сол кезде театр труппасына жаңа актерлер қабылданып жатқан, ал Ләйлә дайындыққа құрбысы Мадинамен бірге келген. Екеуінің арасындағы романтикалық қарым-қатынас театр дәлізіндегі кездесуден кейін, актердің болашақ жарын киноға шақыруынан басталған. Еркебұланның айтуынша, қарым-қатынастарының басталған күні — 15 желтоқсан.

Ата-анасының және туған жерінің алдындағы перзенттік парызын өтеу мақсатында беташар рәсімі актердің туып-өскен жері — Қарасаз ауылында ұйымдастырылды. Ал негізгі үйлену тойы достары мен әріптестері шоғырланған Алматы қаласында өтті.

Шаңырақ көтерген сәтте Ләйлә 20 жаста болған. Бастапқыда қыздың ата-анасы жасының кішілігіне байланысты қарсылық танытқанымен, кейіннен келісімдерін беріп, неке қию рәсімін өткізген.

2012 жылғы сұхбатында актер отбасылық құндылықтарды жоғары қоятынын, зайыбына қорған болуды және әке атануға дайындалып жүргенін атап өткен. Сол кезеңде ерлі-зайыптылар ата-анасынан бөлек тұрғанымен, болашақта үлкен үй алып, бір шаңырақ астында бірігуді жоспарлаған. Актер діни және моральдық ұстанымдарына берік, отбасының берекесін сақтауды басты мақсат тұтады.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite news</ref>

2025 жылғы қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапары кезінде Әзербайжан және Орталық Азия елдерінің президенттерімен бірге "Келешек мұрасы" халықаралық сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысты. Еркебұлан Дайыров "Театр және кино" аталымы бойынша "Келешек мұрасы" сыйлығының лауреаты атанды<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер