Есмұхан Несіпбайұлы Обаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Жақында қайтыс болған Үлгі:Кинематограф Есмұхан Несіпбайұлы Обаев (23 маусым 1941, Кеген, Кеген ауданы, Алматы облысы16 сәуір 2026)<ref name=":0">Үлгі:Cite web</ref> — кеңестік және қазақстандық актёр, театр режиссёрі, театр қайраткері, профессор, Қазақ КСР халық әртісі (1988), Қазақ КСР Еңбек сіңірген өнер қайраткері (1975), «Тарлан» тәуелсіз платинды сыйлығының лауреаты, Барыс, Парасат ордендерінің иегері, Қазақстанның мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының лауреаты.

Өмірбаяны

Есмұхан Несіпбайұлы 1941 жылғы 23 маусымда Алматы облысының Кеген ауданындағы Кеген ауылында дүниеге келген. Ұлы жүздің Албан тайпасынан шыққан.<ref>Үлгі:Кітап</ref>

1960–1964 жылдары ол Қазақ ұлттық консерваториясының театр факультетінің режиссерлік бөлімін үздік бітірген.

Обаев 2026 жылғы 16 сәуірде қайтыс болды.<ref name=":0" />

Еңбек жолы

Кәсіби шығармашылығы

Н. Гогольдің «Үйлену», «Ревизор», М. Горькийдің «Шыңырау түбінде», У. Шекспирдің «Асауға – тұсау», Ғ. Фаизидің «Башмағым», С. Құдаштың «Құдаша», У. Гаджибековтің «Аршын мал алан», О. Иоселианидің «Арбаң аман болсын», ұлттық классикадан М. Әуезовтің «Абай», «Қарагөз», «Айман-Шолпан», «Еңлік-Кебек», «Дос – Бедел дос», Ғ. Мүсіреповтің «Қыз Жібек», «Ақан сері-Ақтоқты», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», С. Мұқановтың «Шоқан Уәлиханов» пьесаларын, Е. Рахмадиев, Ғ.Мүсіреповтің «Қайран, Майрасын», сондай-ақ, Т. Ахтанов, С. Шаймерденов, Қ. Мұхамеджанов, Ә. Тарази, С. Жүнісовтердің драмалық шығармаларымен қатар, драматургияға 1975–1990 жылдары келген жас буын өкілдері О. Бөкеевтің «Құлыным менің», «Зымырайды поездар», Д. Исабековтің «Әпке», «Перизат», Т. Нұрмағамбетовтің «Ескі үймен қоштасу», Н. Оразалиннің «Тас киіктер», Р. Сейсенбаевтың «Өзіңді ізде», «Қазбектің оралуы», «Түнгі диалог», Б. Мұқайдың «Сергелдең болған серілер», «Қош бол, ертегім!» пьесаларының тұңғыш қойылымдарын сәтті жүзеге асырып, рухани айналымға түсірді.

Ұзақ жылғы режиссерлік қызметінде Абайдың 150 жылдығы, Жамбылдың 150 жылдығы, М.Әуезовтың 100 жылдығы және Түркістанның 1500 жылдығы, Тараздың 2000 жылдық мерйтойларында ұлттық мерекелік қойылым топтарын басқарып, шығармашылық ізденістерін жоғарғы дәрежеде екеінін тағыда дәледеді. Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера балет театрында, облыстық көптеген қазақ және орыс, сондай-ақ, Орта азия театрларында 100-ден аса өзінің қойылымдарын қойды.

Марапаттары

Шығармашылық зор жетістіктері, кәсіби ұлттық өнерді дамытуға сіңірген еңбектері бағаланып:

марапатталды.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер