Ежелгі Рим театры

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ежелгі Рим театры Грек театр мәдениеті дәстүрлі жаңа қоғамдық өмірдің ерекшелігіне орай, Ежелгі Рим театрында өзінің жаңа даму жолын тапты. Алғаш театр өнерінің пайда болуы — өнім жинап алу мейрамдары кезіндегі ойын-сауықтарға байланысты. Одан кейінгі театр элементтері ән, музыка, бидің басын қосқан тұрмыстық күлдіргі сахна — сатирлерде өрбіді. Б.з.д. 300 жылдар шамасында ұлттық ателлана комедиясы дүниеге келді. Ателланада маска киген тұрақты 4 кейіпкер болған: Макк, Буккон, Папп және Доссен. Осы кейіпкерлерді ойнайтын әуесқой актерлердің пьесасы, мәтіні болған емес, сондықтан олардың импровизация жасауына кең жол ашылды. Ателлананы бертін келе кәсіби шебер актерлер ойнайтын болды.

Б.з.д. III ғасырдың аяғында халық сауығының бір түрі — мим кең етек алды. Рим театры тарихының жаңа кезеңі тұңғыш драма қойған грек Ливий Андроник есімімен байланысты. Б.з.д. 240 жылы бірінші Пуникалық соғыстың жеңіспен аяқталуына байланысты драмалық қойылым көрсету ұйғарылды. Спектакль б.з.д. 272 жылы әскери тұтқын ретінде Римге келген грек Ливий Андроникке қоюға берілді. Ливий Андрониктің нашар жазылған 14 трагедиясы мен 3 комедиясы бар. Бірақ тарихта ол Рим драматургиясының негізін қалаушы әрі театр репертуарын бірінші құрушы болып қалды. Осы кезеңде трагедия (претекста) мен комедияның (паллиата) жаңа түрлері пайда болды. Рим трагедияларында хордың рөлі грек трагедияларына қарағанда төмендеді. Грек трагедиясы секілді Рим трагедиясы да өлеңмен жазылды. Театр сауықтары мен спектакльдер жыл сайын мемлекеттік мейрамдар кезінде, сондай-ақ жеңіс шерулері мен қаза жораларында, жоғары қызметке сайлау кездерінде көрсетіліп отырды. Рим мейрамдарында сахналық қойылымдармен бірге цирк ойындары, гладиаторлар соғыстары, қол күресі, т.б. көрсетілетін. Алғашында ойын-сауықтар ғибадатханалар жанында қойылды. Римде тұрақты театр ғимараты б.з.д. I ғасырға дейін болған жоқ.

Қойылымдар үшін далада ағаштан сахна тұрғызылатын. Трагедиядағы көрініс сарай алдында өтсе, комедияға арналған декорацияда бір-екі үйдің қасбеті салынған қала көшесі бейнеленген. Көрермендер сахна алдындағы орындықтарда отыратын. Барлық кұрылыстар спектакль аяқталғаннан кейін бұзылатын. Комедия мен трагедияларда ателланада сияқты әуесқойлар емес, актер-мамандар ойын көрсете басталды. Оларды актерлер (актер латынның actor—"орындаушы" сөзінен шықкан) немесе гистриондар деп атаған. Актерлер труппа иесі — антрепренер басқарған труппаларда біріғіп жұмыс істеді. Антрепренер билік ұстаған адамдармен келісіп театр қойылымын ұйымдастырған, кеіде өзі басты рөлдерді ойнаған. Труппада әйелдер болмады, олардың рөлін ерлер орындады. Тұңғыш театр ғимаратын б.з.д. 55—52-жылдары сәулетші ұлы Гней Помпей тастан тұрғызды. Оған 17580 қөрермен сыятын. Шамамен б.з.д. I ғасырда масканың пайда болуы актерлік өнерлік дамуына кең жол ашты. Өмірге трагедия актері Эзоп пен комедия актері Росций келді. Эзоп пен Росцийга дейінгі трагедия мен комедияның маман актерлері б.з.д. Ill—II ғасырларда маскасыз ойнаған. Масканы бұл жанрларда тек б.з.д. 130 жылдан бастап қол-дана бастады. Сондықтанда гректерге карағанда римляндықтар актерлердің мимикасына да назар аударатын. Ал масканы тек ақсүйектерге жататын әуесқой актерлер киген.

Империя дәуірінде театр өнері мен сауықтары көңіл көтеру, қызықтау құралына айналды. Ойын-сауыққа атты әскер, тұтқындар, кей сәттерде жыртқыш аңдар да қатыстырылды. Б.з. I—II ғасырларда трагедияларды қоюда, ең алдымен, актердің әншілік қабілеті ескеріліп отырды. Көрермендер, әсіресе драманың жеке биі — пантомиманы және мим өнерін жоғары бағалады. Цирк ойындары, ежелгі амфитеатрлар мен Колизейде қойылған гладиаторлар сайысы, аңшының кауіпті аңмен айкасын көрсету өріс алды. "Нан мен ойын-сауыкты" талап еткен римдік тобырға кеңінен танылуға тырысып, императорлар гладиаторлар шайқасы үшін орасан зор амфитеатрлар салғызды.

Колизей

Орта ғасырлардың 75—80-жылдарында Римде салынған театрлардың әң ірісі — Колизей ("колоссеум"' — алып деген латын сөзіне байланысты осылай аталған). Ол жоспары бойынша аумақты сопақ құрылыс (188x156 м), оның биіктігі 50 м, қабырғасы ірі серектас (травертин) блоктарынан қаланған. Колизей ортасында гладиаторлар шайқасына арналған, аңдар куып шығарылатын алаң бар. Оның ағаш еденіне кұм төселетіндіктен, алаң — латынша "арена" (құм) сөзімен аталып кеткен. Арена астында аңдарға арналған тор, жараланған не өлген гладиаторлар үшін бөлмелер мен су құбырлары болатын. Құбыр арқылы аренаға су толтырылып, теңіз шайқастары көрсетілетін. Арена аумағы бірден үш мың жұп гладиатор кіргізуге мүмкіндік беретін. Аренаның үстінде сенаторларға арналған мәрмәр төселген кең алаң — подиум тұратын, арнайы ложада император отыратын. Одан әрі беті мәрмәрмен көмкерілген тас орындықтардың үш ярусы тұр. Бұдан жоғарырақта қаз-катар ағаш орындықтар мен көрермендер түрегеп тұратын галерея орналасқан. Колизейге елу мыңдай адам сыятын. Рим ақыны Марциал оны әлемнің ғаламаты деп атады. Б.з.д. I ғасырда Римде тастан қаланған тағы екі театр ғимараты тұрғызылды: Бальба және Марцелла театрлары. Көркем драманың құлдырауы, қанды сайыс ойындарына ден кою, актердің бас бостандығының қиын жағдайда болуы империя дәуірінде театр өнерінің тоқырауына әкеліп соктырды. Ежелгі Рим театры, ең әуелі драматургиясы, дүниежүзілік театр өнерінің дамуында үлкен рөл атқарды. Қайта өркендеу дәуірінен бастап ұлы драматургтердің қай-қайсысы болмасын Рим драмасына, оның көне дәуірдегі гуманистік дәстүріне сүйенді. Сондай-ақ Ежелгі Рим театрының театр сәулетіне де үлкен әсері болды.<ref>Өнер: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулык/Қ.Болатбаев, Е.Қосбармақов, А.Еркебай. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-33-998-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ежелгі Рим театры|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}