Пантомима

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:PANTOMIME-PABLO.jpg
Пантомима: Pablo Zibes

Пантомима <ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref><ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. ISBN 9965-808-78-3</ref><ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>(Үлгі:Lang-el – еліктеу арқылы немесе дене қимылдарымен ғана өнер көрсететін актер) – сахналық өнердің көркем образ мәнері дене қозғалысы, қимыл мен ым арқылы жасалатын түрі. Еуропадағы пантомима өнерінің қайнар көзі Ежелгі Грекия мен Рим театрына саяды. Орта ғасырда гистриондар, скоморохтар, жонглерлер өз ойындарында Пантомиманы қолданды. 16 ғасырдың ортасы мен 18 ғасырда итальян халық театры – дель арте комедиясында қайта жанданды. 19 ғасырда әйгілі Пьеро маскасын жасаушы Ж.Б. Дебюро (Франция) және Дж. Гримальди (Ұлыбритания) Пантомиманы жеке театр ойыны түрінде одан әрі дамытты. 1930 және 1970 жылдардың басындағы Пантомима өнерінің үздік шеберлері: Ж.Л. Барро, М.Марсо (Франция), Л.Фиалка (Чехословакия), Х.Томашевский (Польша). Пантомиманың музыка, ән сүйемелімен орындалатын арнайы түрі Индонезия, Үндістан және Азияның басқа елдерінде де кеңінен тараған. Ресейде көптеген халық ойындары мен әдет-ғұрыптар құрамында Пантомима болды. 19 ғасырда ойын-сауықтар мен цирктерде көрсетілді. 1910 ж. режиссер К.А. Марджанов, Н.Н. Евреинов, В.Э. Мейерхольд пантомиманы театр өнерінде пайдаланды. Қазір пантомима мим (бір актер) өнерін де қамтиды. Кезінде Кеңес Одағында пантомиманың екі түрі де дамыған. 20 ғасырдың 20 – 30-жылдары қазақ театры спектакльдерінде де (І.Қуанышбаев, Е.Өмірзақов, т.б. актерлер ойынында) Пантомима элементтері ішінара бой көрсетті.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

Сыртқы сілтемелер