Едіге Дәріғұлұлы Тұрсынов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Ғалым Едіге Дәріғұлұлы Тұрсынов (10 шілде 1942 жылы туған, Алматы қаласы - 24 желтоқсан 2016 жылы Қазақстан Алматы) — әдебиеттанушы-фольклорист, филология ғылымдарының докторы (2003).
Қысқаша өмірбаяны
- 1964 жылы ҚазПИ-ді (қазіргі ҚазҰПУ) бітірген;
- 1964–1966 жылдары Ақмола мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Астана мемлекеттік медицина академиясында) оқытушы
- Қазақстан ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтында кіші ғылыми қызметкер;
- 1994 жылдан «Ай» журналының әдеби қызметкері болып жұмыс істеді.
Еңбектері
- «Древние типы носителей казахского фольклора (генезис и типология)» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.
Оның ғылыми-зерттеу еңбектерінің негізгі бағыты – қазақ фольклорының көне дәуірдегі типтері, ақын-жыраулық дәстүр мен айтыс жанрының қалыптасуы, фольклор таратушылардың (ақын, сал, сері, жырау, сыншы, т.б.) пайда болу тарихы мәселелері. Тұрсынов монографиялық еңбектер
- «Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері», 1976;
- «Қазақ бақсы-балгерлері», 1997;
- «Возникновение баксы, акынов, сэри и жырау», 1999;
- «Древнетюркский фольклор: истоки и становление», 2001;
- «Атамекен. Казахи. История. Этнография. Культура», 2002) мен 40-тан астам ғылыми мақалалардың авторы.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref><ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>
Дереккөздер
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}