Жетісу газеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

“Жетісу”Алматы облыстық қоғамдық-саяси газет. Алғашқы саны 1918 ж. 21 маусымда “Жетісу ісші халық мұқбыры” деген атпен жарық көрді (не бары 41 нөмір). 1918 жылдың желтоқсанынан “Көмек” деп аталған дербес қазақ газеті аптасына екі рет шығарыла бастады. Ол алғаш 1500 дана болып жарық көріп, тегін таратылды. 1920 ж. 4 қаңтардан бастап “Ұшқын”, 1 қарашадан “Бұқара” деп аталды. 1921 жылдың наурыз айына дейін ұйғыр тілінде шығарылған “Бұқара” газетіне Исмаиыл Тайыров редактор болып, оның 17 нөмірі жарық көрді. Соңынан Қ.Абдуллин редакторлық еткен “Кедей еркі” газетінің 25 нөмірі шығып, ол 1922 жылдың 18 тамызынан “Тілші” газеті болып өзгерді. Алғашқы редакторы Сәдуақас Оспанов болды. 1929 жылдың соңында “Еңбекші қазақ” газетіне қосылды. Облыста 1934 — 54 ж. “Сталин жолы” деп аталатын газет шығарылды. Ол 1954 — 63 ж. “Коммунизм таңы” деп аталды. 1963 жылдан “Жетісу” деген атпен шығып келеді. Газет қазір Алматы облысы әкімшілігінің органы ретінде бұрынғы 4 беттік көлемін кеңейтіп, 24 бет болып жарық көруде (2001).

Дереккөздер:

Қазақ ұлттық энциклопедиясы {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жетісу газеті|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}