Дүйсенбай Әшірбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Tole Bi District Kazakhstan.png
Дүйсенбай Әшірбаевтің дүниеге келген ауданы

Дүйсенбай Әшірбаев (9.8. 1911 жылы туған, Төле би ауданы, Бейнеткеш ауылы). Еңбек жолын 16 жасында мал бағудан бастаған. 1932 жылы механизаторлар курсын бітіріп, 1940 жылға дейін МТС-та механизатор болып жұмыс істеген. 1940 – 1977 жылы Бейнеткеш ұжымшарында трактор бригадасының бригадирі болып еңбек етті. 1946 жылы Ленин орденімен марапатталды. Сол жылы Қазақ КСР Кеңесіне депутат болып сайланды. 1949 – 1950 жылдары 2 рет Мәскеудегі бүкілодақтық көрмеге қатысқан. 1951 жылы 2-рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланды.<ref>Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref>

Сілтеме

<references />