Гүлзейнеп Абдрахманова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гүлзейнеп Абдрахманова (1 тамыз 1955 жылы, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ақтерек ауылы) – журналист.

Өмірбаяны

Шығармашылық қызметі

Ол шығармашылық жолда өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан өмірдің әр саласында қалам тербейтін қарымды журналист. Оның басылым беттеріндегі, әсіресе, әйел, мораль, медицина тақырыптары мен эссе, публицистикалық мақалалары, әңгімелері оқырман ілтипатына ие. Журналистік жолсапармен бірнеше шетелде болып, шартараптан жолжазбалар жазған.

1991 жылы Кеңес одағы ыдырап, социалистік реализм өзгеріп, республикалар тәуелсіздік ала бастаған тұста тарихи тұлғалар туралы әрқилы пікір алуандығы орын ала түсті. Осы арада Санкт-Петербургтегі Жамбыл атындағы көшенің атын өзгерту керек деген белгілі бір топтың келеңсіз пікірі ел арасында үлкен дүрбелең туғызған тұста журналист арнайы іссапармен Ресейдің тарихи қаласына барып, жергілікті үкімет пен зиялылар қауымымен тілдесіп, жақсы істін тиянағын келтіруге өзіндік атсалысады.

«Егемен Қазақстанда» сол жылы 30 тамызда жарияланған «Ту ету мен тұл ету» атты мақала елімізде де, Ресейде де үлкен қоғамдық пікір туғызды. Сондай-ақ, сол сапарында Әлия Молдағұлова оқыған мектептегі мұражайдың сақталуына да азаматтық үлес қосады. Ол адамның ішкі табиғатын ашуда өзіндік мінезі бар, тілі ұлттық нақышта өрілген әңгімелері оқырмандар ілтипатына ие.

Марапаттары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}