Ботаникалық қорықша
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ботаникалық қорықша <ref name="source1">“Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том</ref> — Қазақстанда өсетін өсімдіктердің сирек кездесетін және бағалы түрлерін қорғау, байырғы қорын қалпына келтіру және экологиялық деңгейін сақтау үшін ұйымдастырылған шағын аумақтар; олар шаруашылыққа пайдаланылмайды, мемлекеттің қорғауында болады.
Қорықшалар
Қазақстанда жалпы аумағы 217 мың га болатын 16 ботаникалық қорықша бар (1991 жылы).
| Реті | Ботаникалық қорықша | Ұйымдастырылған жылы | аумағы | Орналасқан жері | Қорғауға алынған өсімдіктер |
|---|---|---|---|---|---|
| 1 | Орлиногор ботаникалық қорықшасы | 1971 | 3,5 мың га | Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы | Қызыл қау, сәбізшөп сияқты дала өсімдіктері мен қайыңды-қарағайлы селдір орман өседі. |
| 2 | Төменгі Тұрғысын қорықшасы | 1978 | 2,2 мың га | Шығыс Қазақстан облысы, Зырян ауданы | Өсімдік жамылғысы Оңтүстік Алтай мен Күршім тауына тән. Шыршалы-қарағайлы ормандар, бұталы өсімдіктер (Алтай доланасы, қызыл долана, итмұрын мен қалампыр, т.б.) өседі. |
| 3 | Қаратал құмы қорықшасы | 1978 | 1,3 мың га | Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы | Бұқтырма бөгені жағалауының флорасы (шырғанақ, тікенжиде, т.б.) қорғауға алынған. |
| 4 | Қапшағай қорықшасы | Қапшағай аңшылық-қорық шаруашылығы құрамында ұйымдастырылған. | |||
| 5 | Ақдала қорықшасы | 1977 | 3 мың га | Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданы | Дермене және жусанды-сораңды эфемер өсімдіктер тобы қорғауға алынған. |
| 6 | Бөріжар қорықшасы | 1977 | 1,4 мың га | Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданы | Дермене және жусанды-сораңды эфемер өсімдіктер тобы қорғауға алынған. |
| 7 | Жамбыл қорықшасы | 1977 | 8,3 мың га | Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы | Дермене және жусанды-сораңды эфемер өсімдіктер тобы қорғауға алынған. |
| 8 | Шалдар қорықшасы | 1977 | 2,6 мың га | Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы | Дермене және жусанды-сораңды эфемер өсімдіктер тобы қорғауға алынған. |
| 9 | Темір қорықшасы | 1977 | 4 мың га | Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы | Дермене және жусанды-сораңды эфемер өсімдіктер тобы қорғауға алынған. |
| 10 | Үржар қорықшасы | 1971 | 120 га | Шығыс Қазақстан облысы,Үржар ауданы | Тарбағатай тауының өсімдік дүниесі өседі. |
| 11 | Атлет қорықшасы | 1971 | 112 га | Шығыс Қазақстан облысы,Үржар ауданы | Тарбағатай тауының өсімдік дүниесі өседі. |
| 12 | Солдат жырасы қорықшасы | 1971 | 156 га | Шығыс Қазақстан облысы,Үржар ауданы | Тарбағатай тауының өсімдік дүниесі өседі. |
| 13 | Тораңғылы қорықшасы | 1971 | 48 га | Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы | Балқаш көлінің солтүстік жағалауы мен Тоқырауын өзені бойындағы реликтілік тораңғы тоғайлары, Шренк тобылғысы, қайың, көк терек ормандары мен жатаған арша бірлестіктері сақталған. |
| 14 | Бектауата қорықшасы | 1971 | 0,5 мың га | Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы | Балқаш көлінің солтүстік жағалауы мен Тоқырауын өзені бойындағы реликтілік тораңғы тоғайлары, Шренк тобылғысы, қайың, көктерек ормандары мен жатаған арша бірлестіктері сақталған. |
| 15 | Қоғашық қорықшасы | 1971 | 15 мың га | Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы | Балқаш көлінің солтүстік жағалауы мен Тоқырауын өзені бойындағы реликтілік тораңғы тоғайлары, Шренк тобылғысы, қайың, көктерек ормандары мен жатаған арша бірлестіктері сақталған. |
| 16 | Берікқара қорықшасы | 1971 | 3,1 мың га | Жамбыл облысы, Жуалы ауданы | Берікқара терегі, грейк қызғалдағы және т.б. өсімдіктер қорғауға алынған. |
| 17 | Қарақоңыз қорықшасы | 1971 | 3,1 мың га | Жамбыл облысы, Қордай ауданы | Сиверс алмасы, алша, жабайы жүзім, Семенов үйеңкісі және т.б. өсімдіктер өседі. |
Дереккөздер</span>
<references/>