Берікқара терегі
Үлгі:Taxobox Берікқара терегі , Берқара терегі (Үлгі:Lang-la) – талдар тұқымдасының терек туысына жататын ағаш. Қаратау жотасындағы Берікқара қорықшасының солтүстік беткейінде, 1000 — 1200 м биіктікте топтана өскен кішкене тоғайы белгілі. Теректің биіктігі 10 — 12 м, бұталары жайыла өскен. Жас бұтақшаларын ақ түсті түк басқан. Жапырақтары қалың, сағағының ұзындығы 6 см., ені 5 см. Жас жапырақтарының астыңғы жағы ақ киіз сияқты түкті, бет жағы тықыр. Берікқара терегі — қос үйлі өсімдік, тұқымынан және вегетативті (өсімді) жолмен көбейеді. Сәуірде гүлдейді, маусымда жемістенеді. Берікқара терегі — сирек кездесетін, жойылып бара жатқан эндемик түр болғандықтан Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. 1970 жылдан Берікқара ботаникалық қорықшасында қорғалады.
<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9 VII том</ref>
Дереккөздер
<references/>