Қарақоңыз қорықшасы
Үлгі:Қорық аймағы Қарақоңыз қорықшасы – Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Қарақоңыз шатқалында орналасқан мемлекеттік табиғи-ботаникалық қорықша. 1971 жылы Қордай ауданы мемлекеттік орман қоры жерінде құрылған. Жер аумағы 3,1 мың га.
Флорасы
Қорықшада өсімдіктердің 500-ден астам түрлері кездеседі. Оның ішінде Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген Кавказ таудағаны, Кәдімгі пісте, недзвецкий алмасы, жабайы жүзім, гладиолус, күшәласасыр, жуа, рауғаш, қызғылт радиола, қызғалдақтар мен жанаргүлдердің көптеген түрлері, т.б. өсімдіктер бар. Қорықша аумағында ағаш егу тек санитарлық түрде жүргізіледі. Басқа пайдалану түрлері, сонымен бірге жайылым, шабындық қатаң белгіленген мөлшерде жүргізіледі.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. Автор: география ғылымдарының докторы, профессор А.Р.Медеу; С.Ә.Әбдірахманов</ref>