Жетібай (Жамбыл облысы)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан ЖетібайЖамбыл облысының Байзақ ауданындағы ауыл, Жалғызтөбе ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны

Аудан орталығы — Сарыкемер ауылынан солтүстік-батысқа қарай 15 км жерде, ақ жусан, баялыш күйреуік аралас өскен шалғынды сұр топырақты шөлді белдемде орналасқан.

Халқы

Тұрғыны:

  • 2,0 мың адам (1999);
  • 1,9 мың адам (2009).

Тарихы

Іргесі 1962 жылы “Фрунзе” атындағы қызылша өсіретін ұжымшар ретінде қаланған. Оның негізінде Жетібайда 1997 жылдан 1 өндірістік кәсіпорын, 2 шаруашылық серіктестігі, 200-ден астам шаруа қожалықтары жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы

Орта және бастауыш мектеп, клуб, дәрігерлік амбулатория және фельдшерлік-акушерлік пункт бар. Тұрғындары аудан орталығымен және т.б. елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Атау тарихы

ХІХ ғасырдың 80-90 жылдарында Ресей мұжықтары қазақ жеріне қоныс аудара бастаған кезеңде осы елді мекенге Иван атты бай көпесі бастаған орыстың жеті байы көшіп келеді. Орыстар жаңа қоныстарын оларды бастап келген Иванның атымен байланыстырып "Ново-Ивановка" деп, ал жергілікті қазақтар Жетібай деп атап кеткен. Еліміз егемендік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы мемлекеттік ономастикалық комиссиясының 06.02.1997 жылғы ұйғарымымен аталмыш ауыл тарихи атауын қайта алды.<ref>Жамбыл облысының топномикалық атауларының анықтамалығы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Kz-geo-stub Үлгі:Байзақ ауданы елді мекендері