Боз ергежейлі қосаяқ

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Taxobox

Ергежейлі боз қосаяқ (Үлгі:Lang-la) – кеміргіштер отрядының қосаяқтар тұқымдасына жататын кішкентай аң.


Қазақстанда ғана, оның ішінде Қызылорда облысындағы Арал өңірінде (Қарақұм, Үлкен және Кіші Борсық құмдары) және Алматы облысындағы оңтүстік Балқаш құмдарында (Сарыесік Атырау) кездеседі. Дене тұрқы 52 – 61 мм, салм. 8,9 – 12,5 г. Өзі тектес басқа қосаяқтардан ерекшелігі – арқасы боз түсті болады. Ғылымға 1984 жылдан бастап белгілі. Саны аз, таралу аймағы шағын. Ін қазып, сонда тұрақты тіршілік етеді. Інінің ұзындығы 215 см-ге жетеді. Ергежейлі боз қосаяқ – түн жануары. Ол өсімдіктердің дәнімен, жемісімен және түрлі қоңыздармен, шегірткелермен қоректенеді. Қыркүйекте қысқы ұйқыға жатады. Бұл кезде денесіне жинаған майдың үлесі жалпы салмағының 28%-ын құрайды. Қысқы ұйқыдан сәуірде оянып, мамыр – шілде айларында 2 рет көбейе алады, әрқайсысында орта есеппен 4 – 5 қосаяқтан туады. Бұлар келесі көктемде жыныстық жағынан толық жетіледі. Ергежейлі қосаяқтың тіршілігі әлі толық зерттелмеген. Бозтүсті ергежейлі қосаяқ сирек кездесетін эндемик түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Статусы

III-ші санат. Сирек таралу аймағы тар түр, Қазақстан фаунасының әндемигі. <ref name="test">Қазақ энцклопедиясы III том 12 тарау</ref>

Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы

Туыстың әлемдік фаунадағы төрт түрінің бірі. Қазіргі Тұранның территориясында пайда болған алғашқы формаларының бірі ретінде қарастырылады.

Таралуы

Таралу аймағы екі оқтауланған учаскеге бөлінеді, оның біреді Солтүстік Арал өңірінде, ал екіншісі – Оңтүстік Балқаш өңірінде орналасқан. Солтүстік Арал өңірінде Аралмаңы Қарақұмында, Үлкен және Кіші Борсық құмдарында мекендейді<ref>1. Лобачев, 1971; 2. Саржинский, 1977; 3. Воронцов, Шенброт, 1984; 4. Гарбузов, 1985;</ref> . Оңтүстік Балқаш өңірінде Іле-Қаратал өзендері аралығының солтүстік бөлігінде кең тараған <ref>5. Трухачев, 1965; 6. Трухачев, Бурделов, 1977; 7. Бурделов и др., 1985; 8. Мазин и др., 1985;</ref>, сол сияқты Аксу-Қаратал өзендері аралығынан да табылған <ref>Мурзов и др., 1987;</ref>.

Мекендейтін жерлері

Солтүстік типті құмды шөлдерде мекендейді. Арал өңірі Қарақұмында жусанды – астық тұқымды өсімдіктер қскен бекінген құмдарда<ref>Саржинский, 1977;</ref> , Үлкен Борсық құмында – құмдардың тегістелген шеттерінде<ref>Гарбузов, 1985;</ref> мекендейді. Оңтүстік Балқаш өңірінде барлық типтегі құмдарда – жоталы, жоталы-адырлы, ірі бекінген құмдарда – десе де жоталар мен шағыл құмдардың етектерінде, олардың арасындағы онқықтарда, сол сияқты құмды жазықтар мен бекінген аласа моталы құмдарда кездеседі<ref>Есжанов, 2006;</ref> .

Саны

Аз десе де аңтайлы биотоптарде жекелеген жылдары біршама кәдімгідей. Арал өңірінде 10 км автомаршрутта 3-тен 11-ге дейін қосаяқ есепке алынған, қоныстану тығыздағы 1га-да 2-3 басты құрады<ref name="Шенброт и др., 1995">Шенброт и др., 1995;</ref> . Оңтүстік Балқаш өңірінде 10 км автомаршрутта бір қосаяқ, бірақ жекеленген оңтайлы жерлерде 1 км жаяу маршрутта 8-10 басқа дейін жетеді <ref>Мазин и др.,</ref>.

Негізгі шектеу факторлары

Анықтармаған. Белгілі бір дәрежеде, әсіресе жастары, жыландардың (1998 ж. шығыс айдаһаршасының қарнынан бұл қосаяқтың 2аласын таптың) және жапалақтардың, ең алдымен үй бағызының оңай жемтігі болады, Оңтүстік Балқаш өңірінде соңғысынаң саны біршама жоғары.

Биологиялық ерекшіліктері

Жеке тіршілік етеді. Қысқы ұйқыға жатады. Сәуірден қыркүйекке дейін белсенді. Жазғы індері кішкентай (ұзындағы 40 см-дей, тереңдігі 8 см) және қапапайым құрылысты (шығу аузы 2-3 және бір ұя камерасы). Негізгі қорегі – тұқым мен насекомдар, өсімдіктің жасыл бөлігі шамалы болса да үнемі кездеседі. Көбеюінің басталуы кеш түседі. Арал өңірінде – маусымның бірінші онкүндігі<ref>Шенброт и др.,</ref> , Оңтүстік Балқаш өңірінде – сәуірдің аяғы – мамырдың баса. Солтүстік Арал өңірінде біраналыққа 2-4, орташа 2.8, ал Оңтүстік Балқаш өңірінде – 4-5, орташа 4.1 эмбрионнан келеді<ref>Мазин, 1996;</ref> . 10-11 айда жыныстық жағынан жетіледі. Табиғатта тіршілігінің ұзақтығы 2.5, ал қолда – 3 жыл <ref name="Шенброт и др., 1995"/>.

Қолда өсіру

Қолда ұстауға оңай үйренеді. Торда 3 рет ұсталып өсірілгені, оның екі жағдайында ұрпақ алынғаны белгілі<ref>Сорушева и др., 1985; Айрапетьянц и др., 1980.</ref>.

Қабылданған алынған қорғау шаралары

Алынбаған.

Қорғауды керек ететін шаралары.

Арнайы қорғау шаралары қолданылмайды.

Зерттеу үшін ұсыныстар

Боз түсті ергежейлі қосаяқтың белгі популяцияларына тұрақты түрде мониторинг жүргізу.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер