Эмбрион

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Tubal Pregnancy with embryo.jpg
Tubal Pregnancy with embryo

Эмбрион (грек, embryon — ұрық) аталық және аналық жыныс жасушаларынын қосылуы нәтижесінде пайда болады. Ұрықтанужануарлар мен адам организмінде жатыр түтігінің жоғарғы бөлігінде, ал суда тіршілік ететін жануарларда — сулы ортада жүреді.К. Бэр – эмбриологияның негізін қалаушы. Эмбриондық даму кезеңін эмбриология ғылымы зерттейді.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Сурет:Da Vinci Studies of Embryos Luc Viatour.jpg
Da Vinci Studies of Embryos Luc Viatour

Эмбриогинездің даму сатылары Эмбриогинездің негізгі 4 даму сатылары бар.Бірінші саты бөлшектену, екінші саты гаструляция, ушінші саты нейруляция, төртінші саты органогенез деп аталады. Бөлшектену кезеңі Бөлшектену (лат. flssio — бөлшектену) — ұрықтанған біржасушалы организмнің (зиготаның) митоз арқылы бөлініп, көпжасушалы ұрыққа (бластулага) айналуының эмбриондық кезеңі. Бөлшектену кезінде пайда болған жасушаларды бластомерлер деп атайды. Бөлшектенудің белгілі кезеңіне дейін бластомерлер саны көбейгенмен, зиготаның мөлшері өзгермейді. Бластомерлер бөлінген сайын, олардың саны көбейіп, мөлшері кішірейе береді. Бөлшектену кезеңі — бластуланың (қуысы сұйыққа толған көпжасушалы ұрықтың) түзілуімен аяқталады.Бластула әр түрлі жануарларда түрліше болады. Ол: сүтқоректілерде — бластоциста (стерробластула), Құстарда, бауырымен жорғалаушыларда — дискобластула, қосмекенділерде — амфибластула, қандауыршада — целобластула деп аталады. Гаструляция кезеңі Гаструляция-бұл эмбриональді жасушалардың қозғалу процесі, нәтижесінде ұрықтың 2 немесе 3 қабаты пайда болады.Екі қабатты гаструла сыртқы жапырақ- эктодермадан және ішкі қабат – энтодермадан тұрады. Гаструляцияның соңғы кезеңінде эктодерма мен энтодерманың аралығында мезодерма дамып жетіледі. Алғашқы мүшелердің қалыптасуы(органогенез) Жүйке түтігінің түзілуін нейруляция дейді. Ұрық жапырақшаларынан жануарлар ағзасы тіндерінің қалыптасуы — гистогенез, ал тіндерден органдардың түзілуін — органогенез, органдардан жүйелердің қалыптасуын — системогенез деп атайды.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Эмбрион|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

he:עובר#התפתחות עובר האדם