Бестөбе

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бестөбеорта палеолит дәуірінде халцедон қазып алынған орын.

Жамбыл облысы Талас ауданындағы Үшбұлақ ауылынансолтүстік-шығысқа қарай 3 км жерде. Қазба жұмыстарымен 1957 жылы Тарих, археология және этнография институтының тас ғасыры ескерткіштерін зерттеу жөніндегі Қаратау тобы (жетекшісі Х. Алпысбаев) айналысқан. Ұзындығы 3 км-дей атжал үйінді түгелімен ірілі-ұсақты халцедондардан тұрады. Сүттей аппақ немесе қызғылт, бозғылт халцедон үйіндісінен қабыршақ заттар сынықтары, көп қырлы, дөңгелек тастар, т.б. құралдар табылды. Ұсақ өңделген халцедонның сынықтарынан диск тәрізді нуклеустар (тас құрал), үшбұрышты және ұзынша келген пластиналар жасалынған. Табылған тас құралдардың әр түрлі көлемде және көптеп кездесуі осы өңірді қоныстанушылардың өзіне қажетті құралдарды жасай білгенін көрсетеді. Бестөбе мекеніндегі халцедонды өңдеу тәсілі осы жерден 150 шақырым жердегі Бүркітті палеолит мекенінде де кездеседі.<ref>“Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том</ref><ref>"Находки памятников каменного века в хребте Каратау. Археологические исследования на Северных склонах Каратау"|Алпысбаев Х.А., "Находки памятников каменного века в хребте Каратау. Археологические исследования на Северных склонах Каратау", А.-А., 1962</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті