Қазақстан тарихы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Қазақстан тарихы Қазақстан тарихы — Қазақстан аймағында адамның пайда болғаннан бастап қазіргі заманға дейінгі болған оқиғалар.

Қазақстан тарихы

Б. з. б. 2 млн 500 жылдан Б. з. б. 3 мың жылдыққа дейін — Тас дәуірі Б. з. б. 2 млн 500 жылдан 45-35 мың жылға дейін — палеолит. Б. з. б. 2,6 млн жылдан — 100,000 жылға дейін — Төменгі палеолит дәуірі. Б. з. б. 300 — 30 мың жыл бұрын — Орта палеолит дәуірі. Б. з. б. 50 — 10 мың жыл бұрын Кейіңгі палеолит дәуірі. Б. з. б. 10-15 мың жыл бұрын — Мезолит дәуірі. Б. з. б. 15-3 мың жыл бұрын — Неолит дәуірі. Б. з. б. 3-2 мыңжылдықтар — Мыстас дәуірі. Б. з. б. 35 / 33 — 13/11ғасырлар — Қола дәуірі. Б. з. б. XV-XIII ғасырлар — Андронов мәдениетінің кезі. Б. з. б. VIII ғ. — Темір дәуірінің басы.

Қазақстан тарихқа дейінгі кезеңде және ежелгі Қазақстан тарихы

Үлгі:Main

Қазақстан тас дәуірінің кезеңдерінде

Палеолит

Палеолит- Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең ұзаққа созылған және аса маңызды кезеңдердің бірі болып табылады. Ежелгі тас ғасыры-адам мен оның шаруашылығының қалыптасуының бастапқы уақыты. Алғашқы адам жабайы өсетін дәндерді жеміс – жидектерді жинап жануарларды аулаған. Ежелгі тас дәуіріндегі адамдардың қоғамдық ұйымы күрделі де ұзақ даму жолынан өтті. Оның бастапқы кезеңі алғашқы тобыр-бірлесіп қорғану және шабуыл жасау, аң аулау және жиын-терін үшін бірлесу болды.

Ерте палеолит

Ерте палеолит Қазақстан - Ежелгі палеолит – ірі-ірі үш кезеңге:

  1. Олдувэй (б.з.б. 1 млн жыл-800 мың жыл);
  2. Ашель (б.з.б. 800-140 мың жыл);
  3. Мустье (40-35 мың жыл) кезеңдерге бөлінеді.

Адам баласынының ең алғашқы еңбек құралдары тастан жасалған. Осыған байланысты алғашқы тарихи кезең тас ғасыры деп аталған.

Табиғаты.

Оңтүстіктегі Үнді мұхиты жағынан жылы ауа Қазақстан жеріне келіп турған. Сондықтан Казақстанда субтропиктік ормандар болған. Осы кездегі Қазақстан жерін мекендеген жануарлар: өзен, көлдердің жағасында пілдер, шалғында жылқылар, таулы жерлерде аюлар, мамонттар, бұғылар, бизондар, тауларда арқарлар, тауешкілер т.с.с. Б.з.б. 100-80 мың жыл бұрын ауа райы қүрт өзгерген. Осы кезде Қазақстанда ұзаққа созылған ауа райының суытуы басталған. Барлық тауларды мұз басқан. Бұл суық мерзім б.з.б. 12-5 мың жылдарға дейін созылған.

Адамдары.

Қазақстан жерін ежелгі адамдар б.з.б. 800-140 мың жылдықтардан бастап мекендеген. Алғашқы адамдар Қаратау жотасы мен Қарасу тұрағында мекендеген.

  • Aлғашқы адамдардың айналысқан істері: аң аулау, терімшілік.
  • Алғашқы адамдар баспанасы: табиғи үңгірлер, үңгіме қуыс, тау шатқалдары т.б.
  • Адамдар табиғаттың дүлей күшіне қарсы тұру үшін, бірігіп аң аулап тіршілік етіп қиындықты жеңу үшін топпен өмір сүрді.
Еңбек құралдары.

Ауыр салмақты, тік бұрышты ұсақ шақпақ тастар ең ежелгі еңбек құралдарына жатқызылады. Жамбыл облысындағы Бөріқазған, Тәңірқазған, Шабақты мекендерінен (5000-ға жауық тас құрал), Қазанғап шатқалы (тастан жасалған 300-ге жуық құрал), Қарасу тұрағы (тастан жасалған 1500-ға жуық құрал), Сарыарқа тұрақтары, Балқаштың Солтүстік жағалауы (ежелгі адамдардың тұрақтары) т.с.с. жерлерден тастан жасалған құралдар табылған.

Орта палеолит

Орта палеолит- (б.з.б. 140-40 мың жылдықтар). Орта палеолит дәуірі ертедегі адамның дамуымен, мәдениеті дамуының жаңакезеңі болуымен ерекшенеледі. Орта палеолитте Қазақ даласындағы жер құрылымында күшті тектоникалық (құрылу, өзгеру процестері–грек сөзі) қозғалыстар болып өтті. Соның нәтижесінде таулар, төбелер пайда болып, жерді екі рет топан су басты. Солтүстік Мұзды мұхиттың суы көтеріліп, ол Қазақстан жеріне дейін келді. Орталық Қазақстанда жер деңгейі 500 метрге дейін көтерілді. Бірнеше мың жылдардан кейін Оңтүстікте басталған мұздардың еруіне байланысты Қазақстан жерінде құмды, шөлді, суы тапшы жерлер пайда болды. Өзеңдердің қазіргі арналары қалыптаса бастады. Қазақстандағы жазық жерлер (Ертіс пен Балқаш маңы) орманды далалы, оңтүстігі көбіне жусанды, шөлді болып қалыптасты. Тянь-Шаньда және басқа да таулы жерлерде қаптал қарағай, шырша, жөке, қызыл қайың, қандыағаш өсетін болды. Қазақ даласында бірнеше хайуанаттардың түрлері болды: пілдер, жүні сирек мамонттар, жазық далада түйе, қарақұйрық, бөкендер т.б. болды.

Адамдар және олардың тіршілігі.

Орта палеолит дәуірінің адамдары– неандертальдықтар. Антропологиялық келбеті: қысқа мойынды, аса ірі тісі бар, сөйлеу қабілеті дұрыс қалыптаспаған.

Негізгі кәсібі

Негізгі кәсібі - аң аулау, терімшілік. Аңды қауым болып бірігіп, топпен аулаған. Басты ерекшеліктерінің бірі шақпақ тастарды бір – біріне үйкелеу арқылы отты шығаруды үйренді. Осы кезде алғашқы діни наным қалыптаса бастады. Ең алғашқы дін магия. Бұл арқылы өлікті бір қырына қарай жатқызып, аяғын бүгіп жерлеген.

Еңбек құралдары және археологиялық ескерткіштер.

Тасты өңдеу әдісі жетілді. Еңбек құралдары негізінен, нуклеуістен (тастан) жасалды. Пышақ, қару ретінде үшкір тас, ағаш, тері өңдеу үшін қырғыш тас пайдаланылды. Археологиялық ескерткіштер Оңтүстік Қазақстандағы Топалы шатқалы мен Қызылрысбек тұрағынан табылған заттар: үшкір тас, қырғыш т.б.

Кейінгі палеолит

Кейінгі палеолит- Соңғы палеолит б.з.б. 40-35 мың жалдан басталып, 12-10 мың жылмен аяқталады. Бұл жер шарының барлық климаттық аймақтарына адамның кеңінен тарай қоныстаған және нәсілдер мен нәсілдік топтардың қалыптасу уақыты. Бұл тұста адамдардың рулық қауымы мен топтық ұжымдары қалыптаса бастады. Рулық қауымдар барлық жерлерде алдымен отбасының қамқоршысы, бала өсіруші ана төңірігінде топтасты, осыған байланысты әйелдер алғашқы қауымда үстемдік жасады, мұның өзі аналық – матриархаттық дәуір деп аталды. Сонымен, аналық ру өзара қандас туыстығы арқылы біріккен және шешелері жағынан шыққан тегі бір адамдардың экзогамиялық тобы болды. Соңғы палеолитте ірі хайуанаттардың азайюы адамдардың тұрмыс жағдайларын едәуір өзгертті. Енді орташа және ұсақ аңдарды аулау үшін жетілдірілген жаңа құралдар қажет болды. Аңшылар қолдарына қару алып, тамақ іздеп, ұсақ сапар шекті. Әр түрлі іске қолданылатын еңбек құралдары пайда болды. Соңғы палеолитте Қазақстан жерінде адамзат қоғамының үздіксіз ілгері дамып отырғаннын көрсетеді.

Мезолит

Мезолит (орта тас ғасыры)-(б.з.б. 12-5 мың жылдықтар). Кейінгі палеолит дәуірінен кейін орта тас дәуірі (грекше «мезос» - орта деген сөзден шыққын) мезолит дәуірі келді. Бұл дәуір тарих ғылымында өте аз зерттелгендіктен, осы дәуірдің ескерткіштері Қазақстан жерінен аз табылған.

Табиғаты.

Қазақстанның ауа райы қүрт жылынып, мұздар еріді. Шөбі, өсімдігі мол далалар сиреп кетті. Бірқатар жануарлар (мүйізтұмсықтар, мамонттар) құрып кетті, енді аңшылардың аулайтын көбінесе бизон мен жылқы, жабайы ешкі мен киік, койы, үйрек болды. Мезолит дәуірінің ең маңызды өнертабысы- садақ пен жебе. Садақ пен жебенің ойлап табылуы өндіргіш күштер дамуында шын мәнінде революция еді. Сайып келгенде бұл ежелгі адамның шаруашылық өміріндегі түбірлі өзгерістерге жеткізді. Садақ пен жебеден басқа осы кезде микролиттер- ұшбұрыш, ромб, трапеция, сегмент тәрізді ұсақ қалақтар пайда болды.

Дәуірдің ерекшеліктері

Дәуірдің ерекшеліктері: жануарларды қолға үйрету, дәнді дақылдар өсіру.

Неолит

Неолит (жаңа тас ғасыры) (б.з.б. 5-3 мың жылдықтар). неолит дәуірі тас дәуірінің соңғы кезеңі жаңа тас дәуірі болып саналады. Неолит дәуірінің аса маңызды белгісі табиғаттың дайын өнімдерін иемдену яғни терімшіліктің орнына келген өндіруші шаруашылыққа негіз болған мал шаруашылы мен егіншіліктің шығуы болып табылады. Шаруашылықтың жаңа түрлері шығуының адамзат қоғамының дамуы үшін орасан зор маңызды болды, адамның еңбек кәсібінің саласын кеңейтті, сонымен қатар оның сипатын сапасы жағынан өзгертті. Өндіруші шаруашылықтың шығыу «неолиттік революция» деп аталды. Тамақ өндіруге, жеуге жарайтын өсімдіктерді саналы түрде өсіруге, жануарларды қолға үйретуге, өсіруге және іріктеуге көшу адамзат тарихында адамның от жағу өнерін меңгергенінен кейінгі асқан зор экономикалық революция болды. Неолит дәуірінде еңбек құралдары жетілдіріліп, жаңадан бұрғылау, тастарды тегістеу ағашты арамен кесу сияқты жаңа технологиялық әдістері шықты, бірте-бірте қиын өнделетін тастар тұрмысқа, шаруашылыққа пайдаланылды, тас балталар, кетпендер, дән үккіштер, келілер, келсаптар жасала бастады. Неолит дәуірінде Қазақстан жерінде кен кәсібі мен тоқымашылықтың бастамалары шықты. Сонымен бірге керамикалық ыдыс жасау іске аса бастады. Әлеуметтік жағынан алғанда неолит дәуірі рулық қауым дәуірі болды: онда ұжымдық еңбек және өндіріс құрал-жабдықтарына ортақ меншік үстем болды. Осы кезде тайпа бірлестіктері құрылды. Тайпалар тұқымдас жағынан және шаруашылықтың түріне қарай біріккен бірнеше рулық қауымдардан тұрды. Ежелгі Қазақ жеріндегі тайпалар ақшылықпен, балық аулаумен, өсімдектерді жинаумен шұғылданды. Кейінректе (неолитте) олар мал өсіру, егіншілік және кен. өнеркәсібімен шұгылдана бастады. Адамдар мата тоқып, киім тігуді уйренді. Керамикалық заттарға геометриялық өрнектер сала білген.

Тұрақтар.

Арал өңіріндегі Сексеуіл тұрағында малшылар мен аңшылар тұрған. Себебі бұл жерлерде сиыр, қой, жылқы сияқты үй жануарлардың сүйектері табылған (Қостанай облысындағы Ботай тұрағы, Батыс Қазақстан Өңірінлегі Көктүбек, Темір тұрақтары және т.б.). Қазырғы уақытта Қазақстан аумағында 600-ден аса неолиттік және энеолиттік ескерткіш мәлім.

Андронов мәдениетінің кезі.

Үлгі:Main

Қола дәуірі

Неолит дәуірінің өзінде-ақ байқалған шаруашылықтағы өзгерістер б.з.б. 2-ші мыңжылдықта малшылық-егіншілік экономикасының және жоғары дамыған металлургиясының қалыптасуына жеткізді. Өндіруші экономикаға көшу Қазақстан жеріндегі жағдайды түбегейлі өзгертті. Мал өсіруші тайпалар көлемді және қуатты бірлестіктер құрды; бұл бірлестіктердің құрылуына соғыс қақтығыстары да елеулі ықпал жасады. Қару-жарық жабайы аңдарды аулағанда ғана емес, сонымен бірге тайпа аралық қақтығыстарда да барған сайын жиі қолданылады. Қару-жарақ жасау біртіндеп металл өндірудің дербес саласына айналды. Андронов мәдениетіндей ескерткіштерді қалдырған даланы жайлаған малшы-егінші тайпалардың мәдениетінің орасан зор ортақтығы, біртұтастығы археологиялық материалдардан мәлім болып отыр. Кең байтақ жерге тараған бұл тайпалар, кейбір жергілікті өзгешеліктеріне қарамастан, неолит дәуіріні мәдениетінің ала-құлалығы орнына келген айқын мәдени біркелкілікті көрсетеді.

Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы

Сақтар

Үлгі:Main Ежелгі тұрғындардың кең-байтақ жерлерді игеруі, Еуропа мен Азия далаларын мекендеген тайпаларда шарушылықтың жаңа түрінің экстенсивті мал шаруашылығының қалыптасу заманы б.з.б. 1-ші мыңжылдықтың алғашқы кезеңіне жатады. Сол заманның басында-ақ Қазақстан далаларында, шөлейт және таулы аудандарында жартылай көшпелі және көшпел мал шаруашылығы шаруашылықтың негізгі, ал кейіннен үстем формасына айналды. Бұл жағдай тайпаларды көшіп-қонып жүріп тұрмыс етуге бейімдейді; Тянь-Шаньның, Памирдің, Копетдагтың, Алтайдың баурайындағы тйпалар бұрын аз мекендеген аудандарды интенсивті түрде игеруге мүмкіндік алды. Көшпелі мал шаруашылығына ауысу далалар мен шөл далаларды мекендеген тайпалардың өміріндегі ірі экономикалық дамудың және қауымдық қоғамның өндіргіш күштерінің ілгері басқан қадамы болды. Шаруашылыққа мамандану бірте-бірте қалыптасып, мал басын көбейтіп, одан алынатын өнімді арттыруға кең мүмкіндік ашты. Артық өнімді қорландырып жинауға және оны иемденуге мүмкіндік туды. Мал және мал шаруашылығы өнімдері тез арада айырбас құнға ие болып, малшылар мен егіншілер арасында айырбастың дамуы үшін жағдайлар жасалды. Б.з.б. 1-ші мыңжылдықтың басында әсіресе жылқы шаруашылығы жедел дамыды. Қырды мекендеген адамдардың атты салтмінуге пайдалануы, атты жауынгердің пайда болуы жеке аудандардың мәдени-шаруашылық томаға-тұйықтығы бұзылып, көрші және алыс тайпалармен, халықтармен экономикалық және мәдени байланыс жасалуын қамтамасыз етті. Орта Азия мен Қазақстанның осы салт атты малшылары ежелгі парсы сына жазуында сақтар деген жалпы атаумен аталған. Ғылымда сақтардың шыққан тегі мен мәдениеті туралы мәселе күні бүгінге дейін шешілмеген. Зерттеушілердің көпшілігі Сақ тайпаларының шығу тегінің автохтонды екендігін дәлелдейді. Шаруашылықтың жаңа түріне (көшпелі тұрмысқа) көшу біршама қысқа мерзімнің ішінде, тегінде б.з.б. 9-8 ғасырларда іске асырылса керек.

Үйсіндер
Қаңлы
Ғұндар

Ежелгі заман

Орта ғасырлар

Батыс Түрік қағанаты (603-704 ж.)
Түркеш қағанаты (704-756 ж.)
Қарлұқ қағанаты (756-904 ж.)
Оғыз мемлекеті (IX ғасырдың соңы - XI ғасырдың басы)
Қимақ қағанаты (IX ғасырдың соңы - XI ғасырдың басы)
Қарахан мемлекеті (942-1212 ж.)
Қарақытай мемлекеті (1125-1212 ж.)
Қыпшақ хандығы (XI-XIII ғғ. басы)


Моңғол шапқыншылығы

Үлгі:Main

Қазақ халқының қалыптасуы және Қазақ хандықтарының ұйымдасуы (15—18 ғасырлар)

Қазақстан Ресей империясының құрамында

Қазан төңкерілісі және азаматтық соғыс

Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы нәтижесінде царизмнің құлатылуы Ресейдің саяси күштерінің орналасуын түбірінен өзгертті. Жеңген революцияның негізгі қозғаушы күшін құраған көтерілісші жұмысшылар, солдаттар, шаруалар самодержавиелік негіздері жоюмен қана қалған жоқ, ал сонымен бірге өздерінің үкімет органдарын-Кеңестерді құрды. Алдайда буржуазия мен буржуазияланған помещиктер революцияның жеңісін пайдаланып, өздерінің мүдделерін білдіретін партиялардың саяси тәжірибесіне сүйеніп (бірінші кезекте кадеттер партиясына), уақытша үкіметті құрып, билікті өз қолдарына алды. Уақытша үкімет жер-жерде, соның ішінде ұлттық шет аймақтарда да өзінің органдарын құрды. Қазақстанда үстемдігін сақтап қалу үшін және жекелеген мемлекеттік әрі үкіметтік мекемелерге демократиялық түр беру үшін Уақытша үкімет мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және ұлттық саясатын жөнді өзгертпестен, олардың аталуын ғана өзгертумен тынды. Уақытша үкімет облыстар мен уездердің басшылығына кадеттер мен эсерлер партияларына жататын бұрынғы патша шенеуніктері арасынан, сондай-ақ ұлттық-либералдық қазақ зиялыларының жекелеген өкілдерінен ("Әлихан Бөкейханов, Мұхамеджан Тынышпаев, А.Бірімжанов ж.б.)комиссарлар қойды.

Қазақстан Кеңес одағының құрамында

Тәуелсіз Қазақстан

Үлгі:Қазақстан тақырыптарда


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қазақстан тарихы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}