Диск

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ДИСК (Disk) - шығарып оку-жазу бастиегіне қатысты айналдырылатын диск формасындағы мәліметтер. тасуышы; ақпаратты сақтау және қайта шығару қасиеті бар жұқа материалмен қапталған дөңгелек пластинка түрінде жасалған мәлімет тасуыш құрылғы. Ақпаратты сақтау орны болып пластинка бетінде центрлес шеңберлер арасындағы сызық-жолдар саналады, яғни ақпарат дискінің екі бетінде де магниттік жолдарға жазылады. Дискілер магниттік, магнитті-оптикалық және оптикалық болып бөлінеді. Активті диск (Активный диск; active disk) — осы сөтте өзгерту жұмыс істеп отырған магниттік диск.

Магниттік диск

Магниттік диск (Магнитный диск; magnetic disk) — жалпақ дөңгелек табақша немесе диск түрінде жасалып, мәліметтер сақтау үшін беті магниттік қабықшамен қапталған металл немесе шыны пластина. Олардың иілгіш және қатты етіп жасалған түрлері бар. Мысалы, қатқыл магнитгік дискідегі жинақтауыш.

Иілгіш магниттік диск

Иілгіш магниттік диск (Гибкий магнитный диск; floppy disk) — компьютердің сыртқы жады ретінде колданылатын иілгіш заттан жасалған алмалы-салмалы магниттік диск. Диаметрлері 133мм (5,25) жөне 76мм (дюйм) дискілер болады. Қатқыл диск (Жесткий диск; hard disk) — металдан (алюминийден) жасалған магниттік диск. Ол, әдетте, өзіне арналған шаң кірмейтін дискжетекте орналасады. Диск өте үлкен жылдамдықпен (минутына жобамен 3000 айналым) айналады. Магниттік бастиек дискінің бетіне өте жақын орналасқан, Ондай типті дискілердің сыйымдылығы айтарлықтай көлемді, әдетте, 40-тан 800 Мбайтқа дейін. Олар өте үлкен жылдамдықпен қатынас құру мүмкіндігін береді.

Логикалық диск

Қатқыл дискі ұдайы есептеу машинасының ішінде тұрады. Логикалық диск (Логический диск; logical disk) — жеке аттар (c,d,e жөне т.б.) берілген және дербес магниттік диск ретінде пайдаланылатын винчестердің бөлігі. Магниттік диск (Магнитный диск; magnetic disk) — беті ферромагниггік қабыршақпен (ферролакпен немесе кобальт- вольфраммен) қапталған, алюминийден жасалған диск.

Оптикалық диск

Оптикалық диск (Оптический диск; optical disk) — мәліметтерді жазу және оқуды лазерлік сөуле арқылы орындауға арналған диск. Мұнда ақпаратты өшіру және өзгерту ескерілмеген. CD-ROM (Compact Disk — Read-Only Memory — компакт-диск — ПЗУ) типті оптикалық дискілер белгілі.

<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов.

– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>

<ref>Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдыктары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Диск|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

bg:Диск ca:Disc cs:Disk el:Δίσκος eo:Disko fa:دیسک (ابهام‌زدایی) fr:Disque he:דיסק io:Disko ja:ディスク ko:디스크 ro:Disc ru:Диск simple:Disk sk:Disk sv:Disk