Бақтыбай Әшімбекұлы Қасымбеков

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Бақтыбай Әшімбекұлы Қасымбеков (19 сәуір 1958 жыл, Түркістан облысы Сарыағаш ауданы) - ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласын бақылау комитетінің профессоры (2003 жылдан), Халықаралық инженерлік академиясының академигі (Мәскеу қ., 2003 жылдан), Ұлттық ғалымдар академиясының, Ұлттық инженерлік академияның, Жаратылыстану ғылымдары академиясының құрметті академигі («Калий» (Мәскеу қ., 2000), Техника ғылымдарының кандидаты (1985), докторы (2003).

Шанышқылы тайпасының Дархан, Оршақ руынан шыққан. <ref>Үлгі:Кітап</ref>

Білімі

  • 1980 жылы - Ленсовет атындағы Ленинград технологиялық институтының Инженерлік кибернетика факультеті (үздік).
  • 1981 жылы - Мәскеу Жоғары патент жүргізу және өнертапқыштық институты (үздік).
  • 1985 жылы - КСРО ҒА Н.С. Курнаков атынд. Мәскеу жалпы және бейорганикалық химия институтының аспирантурасы, КСРО ҒА академигі, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, өнеркәсіптік ауыр су (дейтерий) өндірісінің негізін қалаушы Н.М. Жаворонковтың ғылыми мектебінің оқушысы 2004 жылы - Қазақ мемлекеттік заң академиясы (үздік)

Білімі бойынша мамандығы

1.   Инженер-механик;

2.   Құқықтанушы.

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

  • Техника  ғылымдарының  кандидаты

Тақырыбы: Ағатын қорытпа үлдірінен фракциялық кристалдану

Ғылыми атақ берілген жыл: 1985 жыл

  • Техника  ғылымдарының  докторы

Тақырыбы:   Фракциялық кристалдану кезінде ерекше таза заттар алу процестерінің ғылыми негіздері

Ғылыми атақ берілген жыл: 2003 жыл

  • ·Профессор

Қандай мекемеге: ҚР Ғылым және білім министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті

Қай жылдан бастап: 2003 жылдан

  • ·    Академик
  1. ҚР Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі
  2. ҚР Ұлттық инженерия академиясының академигі
  3. ҚР Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі
  4. Халықаралық инженерия академиясы
  5. Халықаралық экология, адам және табиғат қауіпсіздігі ғылымдары академиясы (МАНЭБ).

Біліктілікті арттыру

  • 1981 ж. – Патент жүргізу және өнертапқыштық мәселелері бойынша басқарушы, инженерлік- техникалық және ғылыми жұмыскерлердің біліктілігін арттырудың жоғары мемлекеттік курстары;
  • 2006 ж. – Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясында «Кадрлық менеджмент» мамандығы бойынша оқытудан өткен;

Қызмет жолы

  • 08.1980 – 03.1981 Қазақ химия-технология институтының (ҚазХТИ) салалық зертхана инженері, Шымкент қ.
  • 03.1981 – 10.1981 ҚазХТИ ХӨМА кафедрасының кіші ғылыми қызметкері, Шымкент қ.
  • 12.1981 – 06.1985 КСРО ғылым академиясының Н.С. Курнаков атынд. Мәскеу жалпы және бейорганикалық химия институтының аспиранты, Мәскеу қ.

Мемлекеттік қызметі

  • 10.2002 – 11.2003 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының көмекшісі
  • 11.2003 – 12.2003 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Мемлекеттік қызметті кадрлық қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары
  • 12.2003 – 04.2006 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Тыл департаменті бастығының орынбасары
  • 11.2007 – 08.2010 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Ұйымдастыру жұмысы және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы
  • 08.2010 – 03.2011 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі
  • 03.2011 – 03.2012 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы
  • 05.2012 – 08.2012 Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ вице-президенті
  • 12.2012 – 08.2013 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Өңірлік даму бөлімінің бас инспекторы
  • 08.2013 – 09.2014 Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төрағасы
  • 08.2014 –02.2017 Директор «Қазақстан Республикасының шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі Ұлттық орталығы» РМК
  • 02.2017 – 05.2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасарының Кеңесшісі
  • 05.2020 – 04.2021 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Парламенттегі өкілі
  • 04-2021 – осы күнге дейін Еңбек ардагері
  • 04-2021 - осы күнге дейін Зейнеткер
  • 12.2023 –  9.04.2025 Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің Директорлар Кеңесінің Төрағасы
  • 05.2025- осы күнге дейін Тараз Мемелекеттік университеті Директорлар Кеңесінің Төрағасы, «Shengtai biotech» ЖШС-ң Бас Директордың орынбасары

Білім және ғылым саласындағы еңбектері

  • Шығарған кітаптары :
    • ·  Калий // «Руда и металлы» баспа үйі, Мәскеу, 2000 жыл
    • ·  Химия бойынша есептік міндеттер алгоритмдері // Шымкент, 2001 жыл
    • ·  Фракциялық кристалдану // «Руда и металлы» баспа үйі, Мәскеу, 2002 жыл
    • ·  Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет // «Сарыарқа» баспа үйі, Астана, 2004 жыл
    • ·  Шанышқылы Бердіқожа батыр // «Фолиант» баспасы, Астана, 2009 жыл
  • Мақалалары, жарияланымдары:
    • 80-нен астам жарияланымның авторы.
    • Өнертабыстары,  патенттері :
    • Алты патенттелген өнертабыстың авторы, сондай-ақ капролактам мен бензол қышқылын аса жоғары қысымдарда тазартудың жаңа, тиімділігі жоғары технологияларының авторы
  • Өзгелері :
    • ·  Нанотехнология жөніндегі ғылыми мектептің негізін қалаушы;
    • ·  Екі ғылым докторын және жеті ғылым кандидатын дайындаған;
    • ·  Өнеркәсіптің мұнай-химия, химия, фармацевтика салаларында қолданылатын ерекше таза органикалық заттарды алудың ғылымды көп қажет ететін өндірісін құрған.

Заңдар мен нормативтік құқықтық актілер әзірлеу

  • ҚР БҒМ Ғылым комитетінде:
    • «Ғылым туралы» ҚР Заңының әзірленуі мен қабылдануына қатысқан және басқарған;
    • Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығын құруға қатысқан; o отандық  жоғары оқу орындары  мен  ғылыми-зерттеу  институттарына  Thomson Reuters,  Springer  сияқты  және  т.б.  халықаралық ғылыми-техникалық  ақпарат дерекқорларын енгізген.
  • ·  ҚР ИЖТМ Өнеркәсіп комитетінде:
    • Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және одан туындайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысқан;
    • Жеңіл өнеркәсіпті дамыту жөніндегі 2015-2019 жылдарға арналған кешенді жоспарды әзірлеуге қатысқан және басқарған;
    • «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы»  ҚР Заңының жобасын  әзірлеуге қатысқан және басқарған.
  • ·  ҚР  ҚМ  «Әскери-стратегиялық  зерттеулер орталығы» АҚ-да  Қазақстан Республикасында әскери ғылымды дамыту тұжырымдамасын әзірлеген.
    • ·    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасарының Кеңесшісі:

Қазақстан Республикасында Аграрлық ғылымды дамыту тұжырымдамасын әзірлеген.

Марапаттары мен шендері

  • 1983 ж. – КСРО ҒА ғылыми конференциясының қорытындысы бойынша екінші сыйлық, Мәскеу қ.;
  • 1988 ж. – ҚазХТИ-дің «Шымкент облысының үздік жас маманы» дипломы;
  • 2004 ж. – «Ішкі істер министрлігіндегі үздік қызметі үшін» төсбелгісі;
  • 2005 ж. – «Андропов ордені» (Мәскеу қ.);
  • 2006 ж. – Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудағы белсенді қызметі үшін ҚР Ұлттық инженерия академиясының «Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерия академиясына 15 жыл» төсбелгісі;
  • 2006 ж. – академик О.А. Жолдасбековтің туылғанына 75 жыл толуы құрметіне орай ҚР Ұлттық инженерия академиясының төсбелгісі;
  • 2010 ж. – ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс грамотасы;
  • 2011 ж. – «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі;
  • 2014 ж. – «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 80 жыл» медалі.
  • 2021 ж. – «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл» медалі;
  • 2021 ж– «Қазақстан Республикасының Ерен Еңбегі үшін» медалі.

Еңбектері

  • Техника ғылымдарының кандидаты (1985), докторы (2003). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Фракциялық кристалдау кезінде аса таза заттектер алу үдерісінің ғылыми негіздері».
  • «Химия бойынша есеп айырысу тапсырмаларының алгоритмі» (Шымкент қ., 2001),
  • «Фракциялық кристалдау» (Мәскеу қ., 2002)
  • «Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет» (Астана қ., 2004)
  • «Шанышқылы Бердіқожа батыр» (2009) кітаптарының;
  • 80-нен астам жарияланымдардың авторы.

Отбасы

  • Үйленген. Жұбайы - Қасымбекова Рита Телегенқызы, кәсіпкер.
  • Балалары - Әйгерім, Тимур, Асылзат.<ref>Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Суретсіз мақала