Бақтыбай Айнабеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бақтыбай Айнабеков (1949 жыл, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бесарық стансасы) - ақын, жазушы.

Өмірбаяны

  • Еңбек жолын осы Жаңақорған ауданында аудандық радио хабарын таратуды ұйымдастырушылықтан бастады.
  • 1969 жылы Жаңақорған аудандық «Коммунизм жолы» газетінің еңбекші хаттар бөлімінің меңгерушісі.
  • 1974 жылдан Жаңақорған аудандық «Білім» қоғамының жауапты хатшысы.
  • 1975 жылдан Қазақстан Компартиясы Жаңақорған аудандық комитетінің нұсқаушысы, соңынан саяси ағарту кабинетінің меңгерушісі болған.
  • 1981 жылы Алматы облыстық «Жетісу» газетінің партия тұрмысы және насихат бөлімінің меңгерушісі болды.
  • республикалық Баспасөз комитетінің Қоғамдық саяси және ауыл шаруашылығы әдебиеттері бөліміне жетекшілік етті.
  • 1983—1998 жылдар аралығында республикалық «Қазақстан» теледидарында комментатор,

насихат хабарларының Бас редакторы, қоғамдық саяси творчестволық бірлестіғінің Бас редакторы қызметтерін атқарған.

  • 2000 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктер мен байланыс жөніндегі Кеңес хатшылығының консультанты болған.
  • Қазір Қазақстан жазушылар одағының «Жұлдыз» журналы мен Республика Жоғары Соты және Әділет Министрлігінің «Заң» газетінде республикамыздың оңтүстік аймақтарында орналасқан облыстарының меншікті тілшісі.

Шығармалары

Жыр жинақтары

  • «Арманым менің»
  • «Енші»
  • «Балықшы бала»
  • «Мәңгілік өмір»
  • «Әлмеректің оралуы»
  • «Шүкіршілік»

Философиялық еңбектері

  • «Дін мемлекеттен бөлек пе немесе жауапсыз хаттар»
  • «Есігіңді аш, Өкімет пен Үкімет, ДПГ-келіп тұр»
  • «Фалсафа — Алланың аян ілім!»
  • «Бесарық Тұрсынбайды ұмытпайды»
  • «Кім қауіпті?»
  • «Қазақстанның N21 халық емшісі»
  • «Құпия жан»
  • «Менің Жаңақорғандық жерлестерім».

Жетістіктері

  • Бірнеше дүркін республикалық ақындар мүшәйрасына қатысып, жүлдегер атанған.
  • Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты.
  • Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}