Бақтияр Даниярұлы Байсейітов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Футболшы Бақтияр Даниярұлы Байсейітов — қазақстандық футболшы, бапкер. 1952 жылы 27 тамызда дүниеге келген. Амплуасы - шабуылшы

Өмірбаяны

Футболшылық ғұмырында Шымкенттің "Мелиоратор" және Алматының "Қайрат" клубтарында ойнаған. Жалпы көпшілік оны "Қайраттың" футболшысы ретінде жақсы таниды. Футболдан Қазақстан құрамасының алғашқы бапкері. Көрсеткіштері бойынша, Ұлттық құраманы баптаған жаттықтырушылардың арасында жеңілмеген жалғыз бапкер (Оның басқаруымен құрама 7 ойын өткізді, 4 жеңіс, 3 тең ойын).

Ұлттық құрама сапында ойнаған ең жасы үлкен футболшы (39 жас, 315 күн). 1992 жылы 3 шілдеде Қазақстан - Либия кездесуінде алаңда ойыншы-бапкер ретінде ойнаған.

Бапкерлік карьерасы мынадай: «Мелиоратор» Шымкент (1986–1988), «Қайрат» Алматы (1992–1993, 2006), Қазақстан құрамасы (1992), «Ордабасы» Шымкент (2003–2004, 2015–2016), «Атырау» (2007).

Байсейітов жаттықтырған кездесулер (Ұлттық құрама)

дата матч қала мәртебе
1 маусым, 1992 жыл ҚазақстанТүркіменстан—1:0 Үлгі:Flagicon Алматы Жолдастық кездесу
3 шілде, 1992 жыл ҚазақстанЛибия—1:0 Үлгі:Flagicon Пхеньян Жолдастық кездесу
16 шілде, 1992 жыл ҚазақстанӨзбекстан—1:0 Үлгі:Flagicon Алматы Жолдастық кездесу
14 қыркүйек, 1992 жыл ТүркіменстанҚазақстан—1:1 Үлгі:Flagicon Ашхабад Жолдастық кездесу
26 қыркүйек, 1992 жыл ҚырғызстанҚазақстан—1:1 Үлгі:Flagicon Бішкек Жолдастық кездесу
14 қазан, 1992 жыл ӨзбекстанҚазақстан—1:1 Үлгі:Flagicon Ташкент Жолдастық кездесу
25 қазан, 1992 жыл ҚазақстанҚырғызстан—2:0 Үлгі:Flagicon Қызылорда Жолдастық кездесу