Банкроттық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Банкроттықкәсіпорындардың төлем қабілетсіздігі салдарынан өз жұмысын мәжбүрлі тоқтатуы. Әдетте, фирманың банкроттығы, көбінесе, олардың шығыны кірісінен асып кетуі салдарынан туындайды. Мұндай жағдайда борышқор тек соттың шешімі бойынша ғана банкрот деп танылады. Борышқорды банкрот деп танудың негіздері, тәртібі мен рәсімі ҚР “Азаматтық кодексінің” 52-, 53-, 54-, 55-, 56-, 57-баптарында, “Банкроттық туралы” заңда (21.1.1997) көзделген. Осы актілерге сәйкес Банкроттық ерікті не ықтиярсыз түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Егер борышқор өзінің төлем қабілетсіздігі жайында сотқа арыз берсе, онда ол ерікті банкрот болып табылады. Алайда борышқор арызын соттың тиісті шешімінсіз кері қайтарып ала алмайды. Ал, ықтиярсыз Банкроттық туралы іс қозғауға кредит берушінің талабы негіз болады. Кейде фирмалардың алған қарыз ақшаларын жасырып қалу мақсатымен “жалған Банкроттыққа” ұшырау деректері де кездеседі.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref> Бұл теріс әрекет ретінде танылып, заңмен қудаланады. Банкроттыққа ұшыраған кәсіпорынның кредит берушіге қарызын және басқа да міндетті төлемдерін өтеу туралы үшінші жақтың кепілдігі болмаған жағдайда сот баспасөзде борышқордың қаржы жағдайын жақсартып, кредит берушілердің тілек-шағымдарын қанағаттандыруына жәрдем беруге қабілетті заңи тұлғалар мен азаматтарға арналған тендр жариялай алады. Егер бір ай ішінде мұндайлар табылмаса, кәсіпорынның Банкроттықғы туралы іс заң құжаттарында көрсетілген тәртіппен қаралады да кәсіпорын мемлекеттік тіркеу регистрінен шығарылып, таратылады.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Әдейі (касақана) банкроттық

Экономикалық, қызмет саласындағы қылмыс, коммерциялық ұйым басшысының немесе меншік иесінің, сол сияқты жеке кәсіпкердің жеке мүддесі немесе өзге адамдардың мүддесі үшін төлем қабілетсіздігін қасақана жасауы немесе ұлғайтуы, ірі зиянға немесе өзге де ауыр залалдарға апарып соғуы.

Коммерциялық ұйым басшысының немесе оның меншік иесінің, сол сияқты жеке кәсіпкердің жеке мүддесі немесе өзге адамдардың мүддесі үшін төлем қабілетсіздігін қасақана жасауы немесе ұлғайтуы ірі зиянға немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, экономикалық қызмет саласындағы қылмыс болып табылады.

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Заң

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Банкроттық|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}