Азаматтық кодекс

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Азаматтық Кодекс — жүйеленген бірегей заң шығарушылық (низамдық) акт. Азаматтар мен заңды тұлғалардың қатысуымен пайда болатын мүліктік қарым-қатынастарды және осыған байланысты мүліктік емес жеке қарым-қатынастарды реттейді. Егер заң баптарында арнайы көзделмесе, бір тараптың екіншісіне әкімшілік. жолмен бағынуына негізделген мүліктік қарым-қатынастарға, әсіресе, салық жөніндегі және т. б. бюджеттік қарым-қатынастарға азаматтық заңдар қолданылмайды. Қазақ КСР-інің азаматтық Кодекі қабылданғанға дейін (1963) республикада жалпы одақтық азаматтық заң нормалары қолданылды. Ел экономикасының нарықтық қарым-қатынастарға көшуіне байланысты ҚР Азаматтық Кодексінің жалпы бөлігі қабылданды (1994 жылы 27 желтоқсанда). Ол үш бөлімнен: 1) жалпы ережелерден; 2) меншік құқысынан және т. б. заттық құқықтардан; 3) міндеттемелік құқықтан тұрады.<ref>Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7</ref>


Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

Сілтемелер

“Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 1 - том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}