Арыз
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік ұйымдар мен лауазымды адамдардың аттарына хабарламалар (обращение) жібереді. Хабарламалар ауызша және жазбаша болуы мүмкін. Хабарламада аты-жөні көрсетілген лауазымды адам немесе мемлекеттік өкімет пен басқару органының басшысы хабарламаны дер кезінде карауға, ол жөнінде тиісті шешім қабылдауға және белгіленген мерзімде нақты жауабын беруге міндетті. Хабарламаның үш түрі бар: арыз, өтініш және ұсыныс. Олар мазмұны жағынан әртүрлі болып келеді: мысалы, өтініште азаматтардың заңмен бекітілген жеқе құқықтары мен мүдделерінің жүзеге асырылуы мазмұндалатын хабарлама жасалады. Жеке адам өзіне берілген құқықтарды пайдалану үшін өтініш жазады, сонымен қатар өзі жүмыс істейтін ұжымдарда, мекемелерде, өзі тұратын тұрғын үйлерде, мемлекеттік органдар қызметінде байқалған кемшіліктерді атап жазады. Арызда - азаматтардың заң арқылы қорғалатын жеке құқықтары мен мүдделерінің бұзылу фактісі туралы хабарлама жасалып, оны қалпына келтіру туралы талап-тілек айтылады, хабарлама жасаушының ойынша іс-қимылы дұрыс жүргізілмейтіндіктен өзінің құқықтары мен мүдделерін бұзып отырған мемлекеттік органдардың, мекемелердің, үйымдардың, лауазымды адамдардың атына сын айтылады. Ұсыныс — белгілі бір мемлекеттік органның, үйымның, мекеменің жұмысын жақсартуға жетілдіруге назар аударатын, осыған байланысты қойылған міндеттердің шешудің жолдары ұсынылатын хабарлама түрі. Хабарламаның барлық түрі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың кеңсесінде тіркеуден өтеді. Арнайы тіркеу карточкасы, аннотациялық парақ толтырылады.
Арыз (өтініш, кейде шағым) - ұйым басшысының, лауазымы жағынан жоғары тұрған адамның атына белгілі бір ақпаратты, өтінішті, мәліметті жеткізу мақсатында жазылатын іс қағазының бір түрі. Арыз көлемі жағынан шағын болады 1-3 бет немесе 500-5000 белгі аралығында.
Арыз көбінесе жеке адам атынан жазылады. Іс жүзінде қойылған мәселе бірден бірнеше адамның немесе, үлкен ұжымның мүддесін көздейтін ұжымдық (коллективтік) арыз түрлері де кездеседі. Арыз белгілі бір себеппен ғана жазылады. Әдетте онда бір ғана мәселе көтеріледі. Арыз онда айтылған мәселені шешуғе қүқы бар адам атына жазылады.
Арыздың бірнеше түрі бар. Олар: өтініш түрінде жазылатын арыз, шағым турінде жазылатын арыз, түсініктеме түрінде жазылатын арыз, констатация түрінде жазылатын арыз. Бұлардың әрқайсысы ондаған мотивте жазылады. Арыз жазу ережесі барынша қарапайым десе де болады. Арыздың алты реквизиті бар: кімге жолданғаны, кім жазганы, құжат аты, мазмұны, қолы, датасы.
Арыз сиялы я шарикті қаламмен, таза түзетулерсіз жазылуы керек. Жазу машинкасын немесе оргтехниканы қолдануға болады. А4 форматты кейде А5 форматты қағазға жазылады.
Арыз құрылымы:
- құжат адресациясы (кімнің атына жазылғаны);
- құжат аты;
- негізгі мәтін;
- қосымша болса оған сілтеме;
- жазылу мерзімі;
- қолы;
- арыз мазмұнымен келісушілер қолы,
Адресацияға лауазым иесінің, мекеме, ұйым басшысының ресми қызметінің толық аты, қажет жағдайда фамилиясы, аты-жөні кіреді. Адресация парақтың оң жағын ала жазылады. Егер арыз бірнеше лауазым иесіне бірден жазылып отырған болса олардың барлығының ресми қызметі (қажет жағдайда фамилиясы, аты-жөні) адресацияда қөрсетілуі қерек.
Егер арызға кол қоюшылар бірнешеу болса онда олар иерархиялық тортіппен я болмаса алфавит төртібімен жазылады. Қол қоюшылар өте көп болатын болса онда арызға қол қою парағы тіркелді. Арыз мазмүнымен келісуші қолы қойылғанда келісім туралы қысқаша ақпарат та жазылады. Мысалы, "Келісемін", "Қарсы емеспін". Бұл жерде де датасы жазылып, атқаратын қызметі көрсетіледі.
Ескерту:
- Егер арыз бірнеше адамның атына қатар жазылса, олардың барлығының ресми қызметі, аты-жөні адресацияда көрсетілуі керек.
- Егер арыз бірнеше адамның атынан жазылса, олар иерархиялық тәртіппен я болмаса алфавит ретімен жазылады.
- Арыз қолмен де, компьютермен де қатесіз жазылуы тиіс.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub:Заң {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}