Тауқұм

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

ТауқұмШу-Іле таулары мен Іле өзенінің төменгі бөлігі аралығындағы құмды алқап. Батыс Балқаш көлінің жағалық ойпатында, оңтүстік Күрті өзуніне тіреледі. Аумағы 8300 км², ұзындығы 200 км, ені 60 км. Тауқұм Мойынқұм, Сарытауқұм, Қорғанқұм атты бірнеше шағын құмдардан тұрады. Оңтүстігінде Бозой, Жусандала және Қараой үстірттері жатыр. Құм жүзгін, сексеуілді аласа бұталар, жусан, еркекшөп, изен өсімдіктерімен жақсы бекіген. Іле және оның тармақтарын бойлай қамыс, тал, тораңғы, шеңгел, жиде, т.б. өседі. Тұщы грунт суы оңтүстік-шығыста 60 м, солтүстік-батыста 2 – 10 м тереңдікте кездеседі. Күздік жайылым ретінде пайдаланылады. <ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify


Үлгі:Stub