Лөкқұм
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Лөкқұм
Лөкқұм — Балқаш көлінің оңтүстігіндегі құм.
- Ақсу және Қаратал өзендерінің төмен бөлігі аралығында, оңтүстүк-батыстан солтүстік-шығысқа қарай созылып жатыр.
- Теңіз деңгейінен орташа биіктігі: 340 — 400 м.
- Төбелі құм қырқаларының биіктігі: 3 — 10 м, кей жері 20 — 25 м-ге жетеді.
- Лөкқұм дала шпаты және кварц аралас ұсақ түйіршікті құмнан түзілген.
- Боз, жусан, теріскен, жүзгін, ақ сексеуіл, өзен жағалауында құрақ, қамыс өседі.