Байғара Қожасұлы
Байғара Қожасұлы (туған жылы 1700 — 3.11.1731, Арал теңізінің солтүстігі) — Алшыннан шыққан батыр. Ресей империясының отарлау саясатына қарсы күрестің алғашқы құрбандарының бірі. Әбілқайыр ханның Ресей қол астына ену туралы шешіміне бірқатар ру басылары келіспей, хан ордасы мен М. Тевкелев бастаған Ресей елшілігіне қарулы қарсылық көрсеткен. Баймұрат батыр бастаған қол 1731 жылы 22 қазанда елшілік пен хан ордасын қоршап, 15 жылқы барымталайды. Сырлыбай Қожасұлы бастаған топтың хан ордасына қарсы күресі бір жылдан астам уақытқа созылды. Хан ордасы мен елшілік күзетінің осы топпен 1731 жылы 3 қарашада өткен қақтығысы кезінде Байғара Қожасұлы оққа ұшқан. Байғара Қожасұлы қазасының арты үлкен дауға айналып, қарсылық күшейе түсті. Байғара Қожасұлының артында қалған Атабай, Жангелді, Сарт есімді үш ұлы болған. Байғара мың баламен соғысқа аттанған, ол шегінуді білмейтін еді - дейді оның ұрпақтары бабасын еске түсіріп. Қазіргі таңда Байғара батырға арналып кесене салынып, оның аты көшеге берілді.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref><ref>СЫР ЕЛІ. Энциклопедия / Бас ред. Б.С. Каримова. 2-басылым. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2023. - 185 б.</ref>
Дереккөздер
<references/>
Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала