Елшілік

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Елшілік — бір мемлекеттің екінші мемлекеттегі елшісі басқаратын дипломатиялық өкілдігі. Елшілік құрамына елшіден басқа ресми дипломатиялық қызметкерлер және қызметшілер енеді.

Елшілікті төтенше және толық құқылы елші басқарады. Елші – хаттамалық қатынас бойынша ең жоғарғы дәрежедегі дипломатиялық өкілдіктің басшысы. Елші мемлекеттердің өзара келісімімен тағайындалады. Ол тағайындалмас бұрын мына сатылардан өтеді:

  1. агреман сұрау;
  2. қызметке тағайындалуы;
  3. тағайындалған елге келуі;
  4. сенім граммотасы тапсырылған соң қызметке ресми түрде кірісуі.

Елшінің негізгі міндеттері:

  1. Өзін аккредиттеуші мемлекетпен оның азаматтарының мүддесін қорғау;
  2. Өзі орныққан ел өкіметімен келіссөздер жүргізу;
  3. Аккредиттеуші мемлекет пен өзі орныққан мемлекет арасында өзара достық қарым-қатынасты дамыту;
  4. Елші акккредиттеуші елдің атынан сөйлейді.

Елшілік қызметкерлерінің пайдалана алатын белгілі бір жеңілдіктері бар. Мысалы: жеке басына, тұрғын үйіне қол тигізбеу, кедендік жеңілдік, мемлекет ішінде еркін жүру құқы. Елшілік ұстау шығыны әр мемлекеттің өз мойынында. Бүгінде әлемнің 30-ға жуық елінде Қазақстанның елшілігі бар, 40-тан астам елдің елшіліктері Қазақстанда жұмыс істейді.ar:سفارة az:Səfirlik be-x-old:Амбасада ca:Ambaixada da:Ambassade de:Auslandsvertretung eo:Ambasado et:Suursaatkond fa:سفارت fi:Suurlähetystö fr:Ambassade he:שגרירות hr:Veleposlanstvo ia:Ambassada id:Kedutaan besar io:Ambasado is:Sendiráð ja:在外公館 ko:외교 공관 lt:Ambasada nl:Ambassade no:Ambassade pl:Ambasada ru:Посольство simple:Embassy sl:Veleposlaništvo sr:Амбасада sv:Ambassad uk:Посольство ur:سفارتخانہ wuu:大使馆 zh:外交代表機構