Хан ордасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Хан ордасы - Орталық Қазақстанның Ұлытау өңіріндегі жаздық хан ордасы. Орданың сырты дуалмен, оның іргесі айнала ормен қоршалған. Орға арық арқылы іргесіндегі Жанғабыл өзенінен су тартылған. Хан ордасы негізгі екі бөліктен — хан ордасы мен қызметшілер тұратын сыртқы қоршаудан тұрған. Хан ордасы мен қызметшілер қоршауының арасы дуалмен бөлінген. Дуал ішінде ханның салтанатты шатыры, басқа да жаздық тігілмелі баспаналар орналасқан. Дуалдың бұрыш-бұрышында қарауыл мұнарасы болған. Хан ордасына бір ғана қақпа қалдырылған. Хан ордасына таңдап алынған жазықтың төрт құбыладағы тау басынан берілетін белгіні алыстан байқап тұруға лайық стратегиялық мәні ескерілген. Бұл ордада қазақтың бірнеше ханы тақта отырған. Соның бірі Әбілқайыр хан, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би бастаған игі жақсылары Абылайды осы ордада ақ киізге көтеріп, хан сайлаған.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}