Ақыл Иманәліұлы Құланбаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Кинематограф Ақыл Иманәліұлы Құланбаев (1 қаңтар 1929 жылы туған, Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақастек ауылы) — актер, педагог, КСРО-ның құрметті радиошысы (1980).

Өмірбаяны

Алматы театр училищесін (1948), Мәскеу театр өнері институтының қазақ студиясын бітірген (1954).

Қазақ академиялық балалар мен жасөспірімдер театры құрамында (1948 - 1951), 1954 - 1961 ж. Қазақ академиялық драма театры труппасында актер, 1961 - 1991 ж. Қазақ радиосында режиссер, бас режиссер болды.

1955 - 1960 ж. Алматы консерваториясында (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) педагог қызметпен айналысты.

Рөлдері

Құланбаев театр сахнасында ойнаған рольдері: Өзбек, Есен, (М.Әуезовтің "Айман - Шолпаны" мен "Еңлік -Кебегінде"), Қодар (Ғ.Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш – Баян Сұлуында"), Арман (Ә.Тәжібаевтың "Жалғыз ағаш орман емесінде"), Транио, Протей (У.Шекспирдің "Асауға тұсауы" мен "Вероналық екі бозбаласында"), т.б.

1940 жылдан киноға түскен ("Райхан" фильмінде Баланың ролін ойнады).<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Суретсіз мақала