Ақтікен

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox

Ақтікен (Үлгі:Lang-la) – ақтікендер тұқымдасына жататын бұта; өсімдіктер туысы.

Өсетін жері мен таралу аймағы

Батыс, Орта және Орталық Азияның, Оңтүстік-Шығыс Еуропаның және Солтүстік Африканың далалы, шөлді аймақтарында кездесетін 10 түрі белгілі. Қазақстанда шөл даланың сортаң жерлерінде, өзен бойларында, тау бөктерлерінде өсетін 2 түрі бар. Жиі кездесетіні – Шовер Ақтікені (Nіtrarіa schoberі).

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 2 м-дей, тарбиған бұташықтарының ақшыл көк қабығы бар.
  • Жапырақтары 2 – 4-тен шоғырлана орналасқан (ұзындығы 15-25, ені 4-7 мм).
  • Ақшыл сары гүлдері өте қысқа гүлтабанында орналасып, шатырша гүлшоғырына топталған.
  • Мамыр – маусым айларында гүлдеп, жемістенеді. Гүлдеген кезде өте әдемі өсімдік.
  • Жемісі – боз қызғылт шырынды ірі сүйекше, жеуге жарамды.

Шаруашылықтағы қолданысы

Ақтікеннің күлінен сабын жасау үшін сақар, жіп, мата бояйтын бояу алынады. Шовер Ақтікені Солтүстік Үстіртте өте сирек кездесетін түр болғандықтан, Маңғыстау облысының Қызыл кітабына енгізілген.<ref>Қазақстан Республикасының табиғаты туралы энциклопедия, V- том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер