Бояу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бояу — түс бергіш пигменттерден және байланыстырғыш ерітіндіден тұратын қоспа. Бояу - пигменттелген лакты бояулы материалдардың жаппы атауы.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.</ref> Бұлардан басқа Бояудың құрамында органикалық еріткіштер, толтырғыштар, пластификаторлар, желімдер, тұрақтандырғыштар, т.б. болуы мүмкін. Байланыстырғыш еріткіш ретінде табиғи сұйық майлардан алынатын олифтер, олигомерлер мен полимерлердің органикалық еріткіштердегі ерітінділері (эмальдар), полимерлердің судағы эмульсиялары, органикалық немесе анорганикалық желімдер (силикаттық ерітінділер), т.б. пайдаланылады. Бояу боялатын материалдардың бетіне қонғаннан кейін белгілі бір механикалық қасиеттерге ие болады (беріктік, қаттылық) және пигменттер мен толықтырғыштар боялған бетке байланыстырғыш арқылы бекиді. Пигменттер (мөлшері 0,5 — 2 мкм) боялған бетке өз түсін береді, сонымен бірге коррозиядан қорғайды. Өндірісте Бояулар концентрлі немесе сұйытылған суспензиялар түрінде шығарылады. Бояу құрамына кіретін пигменттерді, толтырғыштарды алдын ала ұнтақтайды және байланыстырғыш еріткіш қосып арнайы аппараттарда одан әрі ұнтақтап, концентрлі суспензиялар дайындайды. Сұйытылған, яғни, қолдануға дайын Бояулар дайындау үшін концентрлі Бояуды олифпен немесе арнайы еріткіштермен сұйылтады. Бояуларды боялатын материалдардың бетіне жұмыр білікпен, бояу жаққышпен, арнайы бүріккішпен қондырады. Кейбір Бояулар престелген (акварель Бояулары) немесе пигмент пен байланыстырғыш заттың ұнтақ қоспасы күйінде шығарылады. Қолдану мақсатына қарай құрылыстық, автомобильдік, полиграфтық және суретшілер қолданатын Бояулар болып бөлінеді. Суретшілер қолданатын Бояудың құрамына ультрамарин тәрізді ағартқыш пигменттер қосылады. Бұдан басқа арнайы Бояудың түрлері бар (мысалы, жарық шығарғыш, жылу сезгіш, улы, т.б.). Бояу, негізінен, темірден, ағаштан, бетоннан, пласмассадан тұратын материалдарды коррозиядан қорғау және сәндік үшін қолданылады. Бояудың көпшілігі адам организміне қауіпті және жанғыш заттар, сондықтан оларды қолданғанда қауіпсіздік техникасын сақтау керек.

Акварельдік бояулар

Tабиғи қабықша түзуші заттар (мысалы, гуммиарабик) негізіндегі суда ерімтал көркемдік бояулар; мөлдір ерімтал қабықша түзетін заттар.

Битумды бояулар

Қабықша түзуші зат ретінде битумға негізделген бояулар.

Езілген бояулар

Cұйық езілген және пайдалануға дайын бояулардың жалпы атауы

Желімдік бояулар

Өсімдіктер мен жануарлар желімінің суды ерітіндісіне негізделген бояулар.

Казеинді бояулар

Казеинді бояулар - қабықша түзуші зат ретінде казеинге негізделген бояулар.

Квазиқайтымды бояулар

Ылғал сіңіру нәтижесінде қаптаулардың ең алғашқы түсін қалпына келтіруге арналған термоиндикаторлы бояулар.

Көксағызды бояулар

Қабықша түзуші зат ретінде синтетикалық кексағызға негізделген бояулар.

Көркемдік бояулар

Cурет көркем- өнері шығармаларын жасауға және іс жүзгізгенде сәндік мақсаттарға қолданылатын бояулар.

Қайтымсыз бояулар

Tермоиндикаторлы бояулар; суытқаннан кейін қаптағандағы бастапқы түсіне қайта келмейді.

Қайтымды бояулар

Cуытқаннан кейін ең алғашқы түсті қалпына келтіретін термоиндикаторлы бояулар.

Қолдануға дайын бояулар

Жұмысшы тұтқырлықпен шығарылатын майлы бояулар.

Қою езілген бояулар

Mайлы жоғары толтырылған бояулар; пайдаланудың алдында жұмысшы тұтқырлыққа дейін олифамен езеді.

Құрылыстық бояулар

Құрылыстық бояулар - үйлерді және құрылыс конструкцияларын қорғауға немесе сәндік мақсатпен өңдеуге арналған бояулар.

Қышты бояулар

Жоғары температураға тұрақты минералды заттар; қыштық бұйымдар, жылтыратпалар, шынылар бояуда қолданылады.

Органмайдаланған бояулар

Cинтетикалық полимерлі қабықша түзуші заттың органикалық сұйықтықтағы (еріткіш, сұйылтқыш) майдалылығына негізделген бояулар.

Микрокапсулданған бояулар

Құрамында микрокапсулданған құрауыштары, еріткіштер, қатайтқыштар, т.б. бар бояулар.

Полиграфиялық бояулар

Баспа жұмыстарына, бір немесе көп түсті баспа материалдарына арналған бояулар.

Силикаттық бояулар

Қабықша түзуші зат ретінде сұйық шыныға негізделген бояулар.

Субояулы бояулар

Күңгірт қабықша түзуші көркемсуретті суда ерімтал бояулар.

Сумайдалық бояулар

Қабықша түзуші зат ретінде суды дисперсияға негізделген бояулар.

Темперлік бояулар

Күңгірттеу түс беретін табиғи қабықша түзуші заттар негізіндегі көркемдік бояулар.

Термоиндикаторлық бояулар

Белгілі темп-рада түсін немесе түстің ашықтығын өзгерте алатын қаптағыштар түзетін бояулар.

Тиксотропты бояулар

Tиксотропия қасиеттері бар бояулар.

Ұнтақ бояулар

Бетке бүріккенде және ЛБМ қатайғанда түзілетін ұнтақ түріндегі толтырылған полимер композициялар.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6</ref> <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Химия. Н.Нұрахметов, А.Ниязбаева, Р.Рысқалиева, Н.Далабаева. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 336 бет. ISBN 9965-36-416-8</ref>

Бояу бүріккіш

Бояу бүріккіш - боялатын бетке лакты бояудың сырлау кезіндегі бүріку үшін арналған.

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} <references/>ilo:Pintor