Солтүстік Үстірт кемері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Солтүстік Үстірт кемеріҮстірт пен Мұғалжар таулары аралығындағы кемерлі шың. Әкімшілік тұрғысынан Маңғыстау облысының Бейнеу және Ақтөбе облысының Байғанин аудандары жерінде. Екі бөліктен тұратын және негізінен ендік бағытта ирелеңдеп созылып жатқан кемердің жалпы ұзындығы 300 км-ге жуық. Маңсуалмас ойысымен бөлінген батысының ұзындығы 200 км-дей, шығысының (Доңызтау кемері жағы) ұзындығы 110 км-ден. астам. Шығыс кемерінің теңіз деңгейінен абсолюттік биіктігі 147 м, жарқабағының биіктігі 25 м. Батыс кемерінің теңіз деңгейінен биіктігі 126 м, жарқабағының биіктігі – 43 м. Шығыс бөлігінің табанында Шөміштікөл соры жайласқан. солтүстігінде Доңызтау кемерімен, оңтүстігінде Сам құмды алқабымен шектеседі. Батыс кемерінің табанында Ашытайпақ соры, Бағытай-Беніке қонысы және Маңсуалмас ойысы жатыр. Кемерлерінің беткі қабаты неогендік әктас, гипстен, астындағы қабаттар неоген мен мезозой дәуірінің қыртыс шөгінділерінен түзілген. Климаты тым континенттік. Қаңтар айындағы орташа температурасы – 11 °C, шілдеде 24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 130 – 170 мм шамасында. Кемер етегімен үстінде суы кермек татитын бірнеше бұлақтар мен құдықтар (Шағырлы, Молақұдық, Қырыққұдық, т.б.) кездеседі. Кемерлігі онша байқалмайтын орта тұсындағы Маңсуалмас ойысында кең аумақты алып жатқан бұталы тоғай жатыр. Өңірдің бұл тұсы шабындыққа және мал жайылымына пайдаланылады. Сор, сортаң келген сұр топырағында негізінен аралас жусан, бұйырғын, тасбұйырғын, жантақ, изен, баялыш, күйрек, т.б. шөлге тән өсімдіктер өседі. Кемердің шың қияларында қарақұйрық, қарақал, түлкі, қарсақ, қасқыр, дуадақ, бұлдырық, бүркіт және көптеген бауырымен жорғалаушылар тіршілік етеді.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 </ref> <ref>«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; </ref> <ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref> <ref>«Қазақ тілі» энциклопедиясы, Алматы, 1998; </ref> <ref>«Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000; </ref> <ref>«Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы, Алматы, 2001; </ref> <ref>«Қазақ өнері» энциклопедиясы, Алматы, 2002; </ref> <ref>«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002; </ref> <ref>«Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары», Алматы, 2006; </ref> <ref>«Красная книга Казахстана», Алматы, 2006; </ref> <ref>«Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006; </ref> <ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007. </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Солтүстік Үстірт кемері|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}