Ғалым Жайлыбай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Жазушы Ғалым Жайлыбай - 1958 жылы 9 ақпанда Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Жеңіс ауылында туған. Ұзақ жыл ауылда шопан, жылқышы болып жұмыс істеген. Аудандық, облыстық басылымдарда қызметте болған.

1993 жылы Қазақтың менеджмент, экономика және болжау институтын әлеуметтанушы мамандығы бойынша бітірген.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде, түрлі басылымдарда қызмет атқарған.

«Жұлдыз» журналының поэзия бөлімінің меңгерушісі, «Қазақ әдебиеті» газеті Бас редакторының орынбасары, «Қазақ радиосының» Бас редакторы болып қызмет еткен.

2007 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары.

Шығармашылығы

  • «Жанымның жапырақтары» (1988),
  • «Жүрегімнің жұлдызы» (1966),
  • «Құс қанаты» (2001),
  • «Қарашығымдағы қара өлең» (2006),
  • «Ардакүрең» (2008) атты жыр кітаптарының,
  • «Ескі Жұрт»,
  • «Отызым да барады...»
  • « Есіл ағады»
  • «Тағдырымның тамыры» (2008)

әдеби мақалалар жинағының авторы. Өлеңдері орыс, украин, түрік, қырғыз, тағы басқа халықтар тілдеріне аударылған. Халық ақыны Жолдыкей Нүрмағанбетүлының артында қалған мол мүрасын жинап, алғы сөз жазып, жинақ етіп бастырған («Сұлу терек», 1996). Қытай Халық Республикасының Күйтің қаласынан шыққан қазақ ақындарының «Сүмбіле» атты жыр жинағына өлеңдері енген.

Жетістіктері

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (1999).«Ерен еңбегі үшін», «Тәуелсіздікке 10 жыл» медальдарымен марапатталған. Қазақ ақындары жыр мүшәйраларының бірнеше мәрте жеңімпазы. Түркияның Сапанша қаласында өткен (2001) халықаралық жыр мерекесінде «Ақшам жүлдызы» арнайы сыйлыгын иеленген. Ресей Халықаралық Жазушылар ұйымының С.Есенин атындағы Алтын медалінің иегері (2009). Құрмет орденнің иегері(2011).<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}