Амантай Байтанаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Амантай Байтанаев<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref> (10.3. 1922 жылы туған, Түркістан қаласы) – жазушы. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысып, ауыр жарақат алған, 1944 жылы көктемде елге оралған. ҚазМУ-дың филология факультетін (1949), Мәскеу қаласындағы М.Горький атындағы әдебиет институты жанындағы жоғарғы әдебиет курсын (1958) бітірген. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ақ желкен») газет-журналдарында әдеби қызметкер, бөлім бастығы, жауапты хатшы, Қазақстан Мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редактор, аға редактор, редакция меңгерушісі қызметтерін атқарды. Қазақстан Жазушылар Одағында қазақ прозасының әдеби кеңесшісі, «Жазушы» баспасы проза редакциясының аға редакторы, меңгерушісі, бас редактордың орынбасары болған. Көптеген повесть, романдары жарық көріп, бірнеше шығармалары орыс тілінде жеке кітап болып шықты.<ref>Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref><ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Шығармалары

  • Болат. Повесть, А., ҚМ КӨБ, 1954;
  • Ерденнің басынан кешкендері. Повесть. А., ҚМ КӨБ, 1957;
  • Асан. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1959;
  • Жаңбырлы дала. Роман. А.,»Жазушы», 1965;
  • Қайнар бұлақ. Роман. А., «Жазушы», 1968;
  • Таңсәрі. Роман. А., «Жазушы», 1969;
  • Қансонар. Роман. А., «Жазушы», 1980;
  • Қыран самғауы. Роман. А., «Жазушы», 1976;
  • Дала сыры. Повестер. А., «Жазушы», 1982.<ref>“Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала