Айыптау қорытындысы
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Айыптау қорытындысы — қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамды айыптаудың мәнісін түсіндіру және істі прокурорға жолдау туралы тергеушінің (анықтауды жүргізген адамның) дәлелді шешімі.
Тергеушінің айыптау қорытындысы кіріспе, дәлелдеу - баяндау және қарар бөлімдерінен тұрады, оның жазылған орны мен күнін көрсете отырып, тергеуші қол қояды. Айыптау қорытындысына сот мәжілісіне шақырылуға тиісті адамдардың тізімі, қылмыстық істің жүргізілу барысы, бұлтартпау шаралары, заттай дәлелдемелер, азаматтық талап, талапты қамтамасыз етудің шаралары, мүлікті тәркілеу ықтималдығы, іс жүргізу шығынының өтемдері туралы анықтама қоса тіркеледі.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref>
Тағы қараңыз
Сілтемелер
- Қазақ энциклопедиясы, 1-том
Дереккөздер
<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Stub:Заң
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}