Айыпталушы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Айыпталушықылмыстық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіппен қылмыстық жауапкершілікке тартылған адам.

Ісі бойынша басты сот талқылауы тағайындалған айыпталушы — “сотталушы”; айыптау үкімі шығарылған айыпталушы — “сотталған”; ал, ақтау үкімі шығарылған айыпталушы — “ақталған адам” деп аталады.

Айыпталушының заңға қарама-қайшы келмейтін құралдармен, тәсілдермен өзінің құқылары мен заңды мүдделерін қорғауға, өзінің не үшін айыпталатынын білуге, жауап беруге немесе одан бас тартуға және т.с.с. құқы бар. Бостандықта жүрген айыпталушы тергеушінің шақыртуы бойынша шақыртылған мерзімде келуге міндетті.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref><ref>Қазақ энциклопедиясы, 1-том</ref>

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Stub:Заң

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}