Айып салу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Айып салу (арабша нұқсан, жаза) — дәстүрлі құқықтық мәдениетте істеген қылмыстық іс-әрекетіне орай белгіленетін жаза түрі. Ол жан басымен тартатын және мал басымен тартатын жаза деп бөлінеді.

Айып салу малымен тартатын жаза түріне кіреді. Оған айып, тоғыз айып, ат-тон, құн төлеу, т. б. жатады. Әдетте, кінәлінің қылмысы анықталып, мойнына қойылғаннан кейін ғана айып салынған. Қылмыс түрлеріне орай айып салудың да мөлшері өзгеріп отырады. Мысалы, ұрлық істеген адамға ең ауыр жаза ретінде айыбына қолданылған. Айыбына жазасы белгіленген адам ұрланған мал-мүлікке қоса, үш тоғыз айып төленген. Тоғыз айыбының өзі түрлеріне қарай: “қасқа тоғыз ” немесе “түйе бастатқан тоғыз ” (3 түйе, 3 ат, 3 сиыр), “ат бастатқан тоғыз” (3 ат, 3 сиыр, 3 қой) немесе “өгіз бастатқан тоғыз ” (3 сиыр, 6 қой) және “тоқал тоғыз ” (бұл — 8 қой) болып бөлінген. Ел арасындағы кішігірім теріс қылықтарға, әсіресе, кедейлерге “азусыз ат, жиексіз тон” айыбын салған. Ол, әдетте, 1 қой және жәй мата мөлшерінде болған. Бұл халық арасында “айтуы бар, алуы жоқ” деп те аталады. Ал, өзара келісіп, бәтуаласқан даугерлердің бітімін “астарсыз шапан” деп жариялаған.

Тағы қараңыз

Сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Айып салу|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}