Айтжан Тоқтаған
Айтжан Есенұлы Тоқтаған (Үлгі:Туғанкүні, қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы) — күйші-домбырашы, ұстаз, фольклортанушы, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері
Мазмұны
Өмірбаяны
- Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының халық аспаптары факультетін бітірген (1967-1972 жж.).(профессор Бақыт Қарабалинаның шәкірті)
- 1972 жылдан бастап Құрманғазы оркестрінің домбырашысы, солисті
- 1972 жылдан бастап – П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесінің домбыра пәнінің оқытушысы.
- 1977 жылдан бастап – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының халық аспаптар факультетінде домбыра сыныбының оқытушысы, доцент, профессор.
Қазіргі уақытта Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінің дәстүрлі музыкалық өнер факультетінің домбыра кафедрасының оқытушысы, профессоры болып қызмет атқарады.
Шығармашылығы
Репертуарында Құрманғазы, Дәулеткерей, Мәмен, Түркеш, Дина Нұрпейісова, Сейтек Оразалыұлы, Оқап Қабиғожин және Қали Жантілеуовтың күйлері және басқа да шығармалар бар. Орындаушылық шеберлігі арқылы қазақ күйінің дамуына үлкен үлес қосты.
Таңдаулы күйлер
- Есбай Балұстаұлының «Кербез қыздың жүрісі-ай»
- Дина Нұрпейісованың «Домалатпай», «Жетім бала», «Бұлбұл», «Әсем қоңыр» күйлері
- Боғданың «Қара жаяу» күйі
- Құрманғазы Сағырбайұлының «Арба соққан», «Байжұма», «Қайран шешем» күйлері
- Тәттімбеттің «Саржайлау» күйі
- Абыл Тарақұлының «Нарату» күйі
- Қазақ халық күйі «Желдіртпе Ақжелең»
- Мәменнің «Ақшолпан» күйі
- Қазанғаптың «Құстардың келуі» күйі
- Сүгір Әліұлының «Бозінген» күйі
- Сейтек Оразалыұлының «Шарипа» күйі
Шәкірттері
Оның шәкірттері арасында көптеген республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары бар. Олардың қатарында:
- Тұяқберді Шәмелов – домбырашы, күйші, Қазақстанның халық әртісі, профессор
- Рухия Батыршиева – күйші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
- Жексенбек Нұржауов – күйші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі
- Евгений Улугбашев – мультиаспапшы музыкант, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі
- Арман Жүдебаев – Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры болған. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы
- Нұркен Әшіров – А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық музыкалық мектеп-интернатының директоры болған. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері
- Батыржан Мықтыбаев – домбырашы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. Алматыдағы Құрманғазы халық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі.
- Ерлан Рысқали – қазақ халық және дәстүрлі әндерінің орындаушысы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері
- Мұрат Әбуғазы – домбырашы және күй зерттеушісі, Қазақ ұлттық консерваториясының доценті, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері
- Ержан Әлімбетов – «Ұлытау» тобының солисті, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері
Марапаттар мен атақтары
- Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері
- «Құрмет» ордені – қазақ музыканттарының жас ұрпағын тәрбиелеуге, ұлттық сананы қалыптастыруға қосқан елеулі үлесі үшін
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» төсбелгісі
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі
- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің алғыс хаты (екі рет)
- Қазақстан Республикасының мерейтойлық және үкіметтік медальдарымен марапатталған
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (2011)
- «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медалі (2015)
- Қазақстан халқы Ассамблеясының құрмет грамотасы.
Шығармалары
"Күй тәңірдің күбірі" (1996), "Күй керуені" (1997), Г. Елеусізқызымен бірігіп "Күй қастерлі әуез" (1998), "Атыраудың 62 Ақжелеңі" (2000) күйлер жинақтары мен ғылыми зерттеу жұмыстарының авторы<ref>Қазақ музыкасы кітабы, Алматы 2005 жыл-501 бет</ref><ref>[1] Үлгі:WebarchiveАйтжан Тоқтағанов - Dombra Music of Kazakhstan</ref>.