Бақыт Тоқсанбайқызы Қарабалина
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Музыкант Бақыт Тоқсанбайқызы Қарабалина (1939, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы-1991) - домбырашы, Қазақстанның халық әртісі, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының профессоры.
Өмірбаяны
- 1965 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының халық аспаптар факультетін (А. Жұбанов пен Л. Мұхитовтың сыныбы бойынша) бітірді.
- 1960 жылдан бастап, Құрманғазы атындағы Қазақтың Мемлекеттік халық аспаптар оркестрінің домбырашы-солисті. Оркестрдің құрамында ол әлемге қазақтың домбыра музыкасының сұлулығын танытты, көптеген елдерде өнерлік іс-сапарларда болды. Ол қазақтың халық композиторлары: Құрманғазының, Сейтектің, Дәулеткерейдің, Мәменнің, Қазанғаптың күйлерін орындаушы. Бақыт Қарабалинаның орындауында күйлер ерекше тереңдігімен айрықшаланады. Оның репертуарында қазақ және шетелдік композиторлардың шығармалары бар.
Дереккөздер
Санат:
- 1939 жылы туғандар
- 1991 жылы қайтыс болғандар
- Құрманғазы ауданында туғандар
- Домбырашылар
- Қазақ КСР-інің халық әртістері
- Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессорлары
- Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы түлектері
- Құрманғазы атындағы Қазақтың Мемлекеттік халық аспаптар оркестрі домбырашылары