Тұяқберді Қажыгерейұлы Шәмелов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Тұяқберді Қажыгерейұлы Шәмелов (6.9.1951 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Құрманғазы ауылы) -домбырашы, күйші, Қазақстанның халық артисі (1998). 1983 жылы Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірді. 1970 жылдан Қазақ академиялық халық аспаптары оркестрі құрамында домбырашы, концертмейстер және жеке орындаушы ретінде қызмет етеді. Оның орындаушылық репертуарынан қазақ халық композиторларының (Абыл, Дәулеткерей, Дина, Құрманғазы, Мәмен, Сейтек, Тәттімбет, т.б.) күйлері мол орын алды. Шәмелов бірнеше ән-күйлердің авторы. Гастрольдік сапармен шет елдерде (Ауғанстан, Италия, Корея, Қытай, Португалия, Франция, т.б.) болып өнер көрсетті. Құрманғазы атындағы 1-республикалық орындаушылар байқауының лауреаты (1983).<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify