Айгүл Әбікенқызы Тәти
Үлгі:Тұлға Айгүл Әбікенқызы Тәти (9 сәуір 1963, Мақаншы, Үржар ауданы, Абай облысы) — Қазақстанға танымал биші, қазақтың ұлттық, характерлі билері мен әлем халықтарының билерін орындаушы, балетмейстер, хореограф, режиссер-қоюшы, балет педагогы, өнертану саласының доценті (2011). Қазақ биін оқыту теориясы мен әдістемесіне арналған бірнеше оқу-әдістемелік құралдардың авторы.
Қазақстан Ұлттық хореография академиясының профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1995), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2014), «Сахнагер» Ұлттық театр сыйлығының лауреаты (2019).
Өмірбаяны
1963 жылғы 9 сәуірде бұрынғы Семей облысының Үржар ауданы, Мақаншы ауылында туған.
1981 жылы Алматы хореографиялық училищесін бітірген (жұптық сыныптарда А.К. Түлековтің, жоғары сыныптарда И.Н. Гуляевтің жетекшілігінде).
Шығармашылық жолын «Қазақконцерт» концерттік ұйымында солист ретінде бастаған, кейін орындаушылық қызметін «Алтынай» фольклор-этнографиялық ансамблі мен Алматы облыстық Сүйінбай атындағы филармония жанындағы «Сазген» ансамблінде жалғастырған.
Қазақ би өнерінің көрнекті шеберлері — Ш. Жиенқұлова, Д. Әбіров, З. Райбаев, О. Всеволодская-Голушкевич және басқалармен бірге жұмыс істеген.
Әртүрлі жылдары Кеңес Одағы мен Қазақстанның шығармашылық делегациялары құрамында Қазақстанның ұлттық өнерін шетелде таныстырған. 1994 жылы Қазақ мемлекеттік кино және театр өнері институтының хореография факультетіне түсіп, 1998 жылы «Хореограф-педагог» мамандығы бойынша бітірген.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
1997 жылдан 2003 жылға дейін А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінде қазақ биі пәнінің оқытушысы болып жұмыс істеді. Бес түлектер тобын дайындады. Училищенің есептік-көрсетілім концерттерінде орындалған бірқатар концерттік нөмірлер қойды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
2000 жылдан 2012 жылға дейін Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Қазақ биінің композициясы» және «Қазақ биінің теориясы мен әдістемесі» пәндерінен оқытушы болып жұмыс істеді. 2007–2009 жылдары «Хореография педагогикасы» кафедрасының меңгерушісі болды.
2012 жылдан бастап «Астана балет» театрының бас балетмейстері, Астана қаласындағы Қазақ ұлттық хореография академиясының профессоры.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
Марапатары
- 1991 — Ш. Жиенқұлова атындағы Қазақ биі бойынша I республикалық байқаудың лауреаты.
- 1995 — Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен отандық би өнеріне сіңірген ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі» құрметті атағы берілді.
- 2009 — Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.
- 2011 — «Өнертану» мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- 2014 — Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен отандық би өнерін дамытуға қосқан зор үлесі және балет педагогикасындағы жетістіктері үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- 2018 — Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- 2019 жыл 18 желтоқсан — «Үздік хореограф» номинациясы бойынша «Сахнагер» ұлттық театр сыйлығының лауреаты атанды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- 2021 жыл 2 желтоқсан — «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- 2021 жыл 2 желтоқсан — Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
Дереккөздер
- Үржар ауданында туғандар
- КСРО бишілері
- Қазақстан бишілері
- ХХ ғасыр бишілері
- ХХІ ғасыр бишілері
- КСРО балетмейстерлері
- Қазақстан балетмейстерлері
- XX ғасыр балетмейстерлері
- XXІ ғасыр балетмейстерлері
- Қазақстан хореографтары
- ХХІ ғасыр хореографтары
- Қазақстан балет педагогтары
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл медалінің иегерлері
- Қазақстан білім беру ісінің құрметті қызметкерлері
- Алматы хореография училищесі түлектері
- Қазақ ұлттық өнер академиясы түлектері
- Алматы хореография училищесі оқытушылары
- Қазақ ұлттық өнер академиясы оқытушылары
- Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері