Абылай Тілепберген
Үлгі:Музыкант Абылай Жанболатұлы Тілепберген (17 наурыз 1990, Ақтау, Маңғыстау облысы, ҚазКСР) – қазақстандық дирижëр, домбырашы, күйші, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері (2018), «Құрмет» орденінің иегері (2025). Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің бас дирижëрі. (2018 жылдың қазан айынан бастап)<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
Мазмұны
Өмірбаяны және білімі
Абылай Тілепберген 1990 жылы 17 наурызда Маңғыстау облысының Ақтау қаласында музыкалық отбасында дүниеге келген. Анасы — кәсіби музыкант әрі пианист, сондай-ақ әншілікпен айналысады, ал әкесі Жанболат Тілепбергенов — дәрігер-терапевт, жастайынан домбыра тартқан. Абылай бес жасынан бастап музыкаға қызығушылық танытып, домбыраны меңгеруге ден қояды. Жеті жасынан бастап Маңғыстау өнер колледжі жанындағы балалар студиясында ҚР Еңбек сіңірген әртісі, Алматыдағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Құрметті профессоры» және белгілі күйші Роза Тайманқызы Айдарбаеваның домбыра сыныбында тәлім алады. Ол жерде бес жыл білім алып, оқуын үздік аяқтайды. 2007 жылы Маңғыстау өнер колледжінің халық аспаптар бөліміне түсіп, алғашқы ұстазы Роза Айдарбаеваның сыныбында оқиды. Оқу барысында дарындылығымен және күйлерді шебер орындауымен ұстаздарының назарына ілігеді. 2010 жылы Алматыдағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына бакалавриат бағдарламасы бойынша оқуға түсіп, Қазақстан Республикасының еңбек сінірген өнер қайраткері , профессор Кәрима Сүндетқызы Сахарбаеваның сыныбында білім алады. 2016 жылы консерваторияның магистратурасын тәмамдады.<ref name=":0">Үлгі:Cite web</ref><ref name=":1">Үлгі:Cite web</ref>
Қазақтың халық әртісі, дәулескер күйші, домбырашы Қаршыға (Қаршымбай) Ахмедияровтың шәкірті. Дирижëрліктен Базарғали Жаманбаев, Жалғасбек Әмірханұлы Бегендік, Айтқали Тілепқалиұлы Жайымов, Рахат Бекболұлы Мадреев деген ұстаздардан тәлім алды. Сонымен қатар Ресейде Н. Римский-Корсаков атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік консерваториясында және П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясында Юрий Темирканов және Геннадий Рождественский деген дирижëрлерден сабақтар алған.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref name=":2">Үлгі:Cite web</ref>
Шығармашылық жолы
Абылай Тілепберген шығармашылық сапарларымен көптеген шетел мемлекеттерінде өнер көрсеткен. Атап айтқанда, Германияның Берлин, Ганновер және Гамбург қалаларында, сондай-ақ Франция, Швейцария, Қытай, АҚШ, Түрікменстан, Біріккен Араб Әмірліктері, Иордания, Түркия, Чехия, Ливия, Ресей, Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан және Норвегия елдерінде концерттік бағдарламаларға қатысқан. Абылайды мерекелік іс-шараларға, мәдени-көпшілік бағдарламаларға, Астана мен Алматы қалаларында өтетін мәдени шараларға, сондай-ақ үкіметтік концерттерге жиі шақырады. Домбырашының репертуарында 100-ден астам күй бар. Оның орындауындағы шығармалар қатарында Абыл, Қартбай, Есір, Құлшар, Есжан, Өскенбай, Мұрат, Шамығұл, Әлқуат, Есбай, Махамбет Өтемісұлы, Дина Нұрпейісова, Құрманғазы Сағырбайұлы, Дәулеткерей Шығайұлы, Сүгір Әлиұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Нұрғиса Тілендиев, Қаршыға Ахмедияров және басқа да күйшілердің туындылары бар. Сонымен қатар, репертуарында орыс және шетел композиторларының шығармалары да орын алады.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
Күйшілік қызметі
Орындаушылық өнерімен қатар күй шығарумен де айналысады. Абылай — онға жуық дәстүрлі күйдің авторы. Алғашқы күйін 2002 жылы, он екі жасында, Құрманғазы Сағырбайұлы кесенесіне зиярат етіп қайтқаннан кейін арнау ретінде шығарған. Күйшінің белгілі «Серпін», «Арнау», «Атамекен» деген күйлері бар және «Нағашым» әнінің авторы болып табылады.<ref name=":2" />
Дирижëрлік қызметі
- Абылай Тілепберген 2013—2018 жылдары Алматыдағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттік халық аспаптар оркестрінің дирижёрі қызметін атқарды.
- 2016 жылы оркестрмен бірге Қытайдың Шанхай қаласында өткен «Shanghai Spring International Music Festival» Халықаралық фестивалі аясындағы гастрольдік сапарға аттанады. Оркестр «Shanghai Oriental Art Center» концерт залында Құрманғазы Сағырбайұлының, Ахмет Жұбановтың, Қаршыға Ахмедияровтың, Нұрғиса Тілендиевтің және заманауи қазақстандық композиторлардың шығармаларын орындады.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
- 2014 жылы Құрманғазы консерваториясының (КНК) 70 жылдығына арналған Гала концертін Алматы қаласының Республика сарайында және Астанада «Қазақстан» ЦКЗ-де дирижёрлеген.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- 2015 жылы Құрманғазы консерваториясында «Piano Competition» Халықаралық фестивалінде «Фольклордан джазға» дейін жобасын дирижёрледі.
- 2017 жылы Астанада ЭКСПО-да Гала концерт «Мәдени жобасында» дирижёрлеген.
- 2018 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің бас дирижёрі етіп тағайындалды. Дирижёр оркестрмен «Адай», «Балбырауын», «Сарыарқа», «Серпер», «Махамбет», «Топан», «Орақ, Мамай», «Балқадиша», «Көңілді бикеш», «Әсем қоңыр» және т. б. шығармаларды орындаған.
- 2021 жылы «Aljazz Symphony» Алматы қала әкімдігінің эстрада-симфониялық оркестрімен және Құрманғазы атындағы Қазақ оркестрімен «Оркестрлер фестивалі» концерт аясында Т. Мұхамеджанов композитордың «Махаббат бекеті» кинофильмінен саундтрек, А. Пьяццоланың «Либертанго», Түркештің күйі «Көңілашар», «Алдар көсе» және «Мадагаскар 2» мульфильмдерінің саундтректерін дирижёрледі.
- 2020—2022 жылдары арылығында қазақстандық пианист Жания Әубәкірова «Самғау» атты авторлық жобасын ұйымдастырды. Концерттер Алматыдағы Республика сарайында және Астанада өткізілді. Абылай Тілепберген Ж. Жабаев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының Т. Әбдірәшев атындағы мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің шақырылған дирижёрі болды. <ref>Үлгі:Cite web</ref>
- 2019 жылы «Құрманғазы оркестрінің 85-жылдығына арналған концерт» дирижëр Айсын Жексенмен бірлесіп, мерекелік концерт өткізді.
- 2019 жылы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында және Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің 85 жылдығына орай, Алматы қаласында 29 наурыз күні Құрманғазы оркестрі және Ғабит Мүсірепов атындағы балалар және жасөспірімдер театрының бірлескен жобасы «Аманат» концерт-спектаклінің тұсаукесері аншлагпен өтті.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
- 2019 жылы «Вечер классической музыки» еуропалық классикалық музыка концертін дирижëрледі.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- 2019 жылы «Оркестр түні» концертін аншлагпен өткізді.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- 2024 жылы «Құрманғазы оркестрінің 90-жылдығына арналған концерт» жобасында дирижëрледі.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
- 2025 жылы Ақтауда «Ақтау – 2025 жылғы түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасы аясында түрксой опера күндерінде Абыл Тарақұлы атындағы қазақ халық аспаптар оркестрмен дирижëрлік етті.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- 2026 жылы Димаш Құдайбергенмен бірлесіп «Серпін» атты авторлық концертін өткізді.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- 2026 жылы «Ахмет Жұбановтың 120-жылдығына» орай Қазақ концертте «Ғасырлар пернесі» концертін дирижëрледі.
- 2026 жылы «Қаршыға Ахмедияровтың 80-жылдығына» арналған концертін дирижëрледі.
Педагогикалық және қоғамдық қызметі
Абылай Тілепберген Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында оқытушылық қызмет атқарады. Сонымен қатар домбырашылар арасындағы байқауларда («Домбыра-дастан» республикалық байқауы, 2022 жыл) және дирижёрлер байқауларында (Р. Ғабдиев атындағы ІІІ Республикалық дирижёрлер байқауы, Атырау қаласы, 2024 жыл) қазылар алқасының мүшесі болған. 2025 жылғы 20 ақпанда Алматыдағы Нұрғиса Тілендиевтің мемориалдық үй-мұражайында студенттерге арналған «Күй мен симфония: Нұрғиса Тілендиев өнері» атты дәріс өткізді.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Tasqyn Studio-мен әріптестігі
2023 жылы қазақстандық тәуелсіз «Tasqyn Studio» анимациялық студиясы «Дала шырқауы» атты мультсериал жобасын шығарды. Мультсериал қазақтың ұлы күйшісі Құрманғазы Сағырбайұлы өміріндегі оқиғаларға негізделген. Студия өкілдерінің айтуынша, жоба ұлттық өнерді анимация арқылы танытудың алғашқы қадамдарының бірі ретінде әзірленген. Жобаның ұзақтығы 3–5 минуттық 9 пилоттық бөлімі қазақ тілінде жарық көрді. Әр бөлімде композитордың өмірбаянынан үзінділер баяндалып, оның күйлері орындалған. Жобаға Абылай Тілепберген күй орындаушы ретінде қатысып қана қоймай, Құрманғазы туралы ақпараттарды бөлісуімен атсалысқан. Мультсериал бөлімдерінде Құрманғазының:
- 1-бөлімде «Ұзақ»
- 2-бөлімде «Кішкентай»
- 3-бөлімде «Төремұрат»
- 4-бөлімде «Бозқаңғыр»
- 5-бөлімде «Ман ата»
- 6-бөлімде «Балқаймақ»
- 7-бөлімде «Қайран шешем»
- 8-бөлімде «Машина»
- 9-бөлімде «Серпер»
Деген күйлері орындалған.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
Марапаттары
- Алғашқы домбырадан байқауы 2001 жылы ел ішінде «Біз – Тәуелсіздіктің құрдастарымыз» деген Республикалық конкурс-фестиваль өтті. Абылай он бір жасында «Дипломант» дәрежесін жеңді.<ref name=":2" />
- 2006 жылы Ж. Нәжімеденов шығармашылығына арналған республикалық «Дүбірлі домбыра» конкурсында Гран-при лауреаты
- Мұрат Өскінбайұлы атындағы ІІ республикалық күйшілер сайысында Гран-при лауреаты
- 2007 жылы Есір Ашуақұлы атындағы ІІ республикалық домбырашылар конкурсында Гран-при лауреаты
- 2007 жылы Республикалық тұңғыш телевизиялық «Әлем-Арт» байқауында Гран-при лауреаты
- 2009 жылы «Дәулескер дәстүр» атты Сержан Шәкірат орындайтын күйлердің республикалық конкурсында Гран-при лауреаты
- Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында өткен республикалық Музыка олимпиадасында «халық аспаптар» аталымы бойынша бас жүлде иегері
- 2012 жылы Атырау қаласында өткен Р. Ғабдиев атындағы «Күй қағаны» І республикалық фестивалінде Гран-при лауреаты
- 2012 жылы Ә. Есқалиев атындағы «Алтын домбыра» ІІ республикалық конкурсында Гран-при лауреаты
- 2012 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының лауреаты атағын жеңіп алды.
- 2013 жылы өткен С. Құсайынов атындағы республикалық дирижерлер конкурсында бас жүлде иегері
- 2013 жылы Н. Тілендиев атындағы «Өз елім» атты республикалық дирижерлер конкурсында ең үздік орындаушылық шеберлігі үшін бас жүлдені иеленді.
- 2013 жылы Қазақстан Жастар одағының «Серпер» сыйлығының лауреаты атанды.
- 2019 жылы Талдықорған қаласында І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен М. Төлебаев атындағы ІV Республикалық «Алтын таяқша» дирижерлер байқауында ІІ орын иегері.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
- 2019 жылы Өзбекстанда өткен «Bahor Nafasi» Халықаралық өнер фестивалінде сертификат алған.
Шабыт көздері
Әртүрлі сұхбаттарында Абылай Тілепберген өз шығармашылығына әсер еткен тұлғалардың қатарында дирижёрлер Евгений Мравинский, Юрий Темирканов, Герберт фон Караян, Бернард Хайтинк, сондай-ақ Шамғон Қажығалиев, Нұрғиса Тілендиев, Арман Жүдебаев сынды тұлғаларды атап өткен. Күйші өзінің тұрақты шабыт көздері ретінде Құрманғазы Сағырбайұлы, Дина Нұрпейісова мен Тәттімбет Қазанғапұлын көрсеткен. Сонымен қатар ол шетелдік композиторлар Бетховен, Бах, Моцарт, Дворжак, Чайковский және Римский-Корсаков шығармашылығын жоғары бағалайтынын айтқан.<ref name=":0" /><ref name=":1" />
БАҚ-тағы қызметі
Абылай Тілепберген әртүрлі жылдары қазақстандық телеарналардың мәдени-ағартушылық бағдарламаларына қатысқан. Ол «Jibek Joly TV», «Khabar TV», «Abai TV» теларнасында (Сарасөз, Вечные ценности және Әндіground бағдарламалары), «Таң нұры» бағдарламасында және «Алматы телеарнасында» Мәдениет саласының үздігі Медет Қуанышевпен бірлескен сұхбаттар, «Таңшолпан» бағдарламасында, «Qazaqstan телеарнасы» (Бір күн жобасы) және басқа да жобаларда сұхбат беріп, қазақтың дәстүрлі музыкасы мен күй өнерін насихаттауға атсалысқан.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>