Айтқали Тілепқалиұлы Жайымов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Айтқали Тілепқалиұлы Жайымов (05.05.1947 жыл Гурьев облысы, Жылыой ауданы, Ракөш ауылы) - күйші, дирижер, композитор, профессор, Қазақстанның халық әртісі (2025), «Парасат» орденінің иегері (2018).
Мазмұны
Ата-анасы
Әкесі - Жайымов Тілепқали (1922-1988), бухгалтер болып жұмыс істеген, ҰОС қатысқан еңбек ардагері, II топтағы мүгедек. Анасы - Бежбаева Күмсай (1924-2009), батыр-ана, еңбек ардагері.
Білімі
- Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының домбыра және дирижер мамандықтары бойынша халық аспаптары факультетін бітірген (1978), концерт орындаушысы, оқытушы, халық аспаптар оркестрінің дирижері.
Өмірбаяны
- 1964 жылдан - Гурьев облысы, Ембі ауданы, «Ембі» кеңшарының құрылысында әртүрлі жұмысшы.
- 1966 жылдан Гурьев облысы, Ембі ауданы, М. Әуезов атындағы ОМ ән айту және сурет салу сабағының оқытушысы.
- 1968 жылдан - Гурьев музыкалық училищесінің студенті.
- 1972 жылдың қыркүйек айынан - Гурьев облысы, Ембі аудандық музыка мектебінің директоры.
- 1973-1978 жылдары - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының студенті.
- 1976 жылдан - П.И. Чайковский атындағы музыкалық училищесінің домбыра оқытушысы.
- 1978 жылдан - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы домбыра кафедрасының оқытушысы.
- 1979 жылдан - Ұлан-Батыр қаласы Музыкалық училищесінің оқытушысы (Моңғолия).
- 1981 жылдан - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының домбыра оқытушысы.
- 1991 жылдан - Құрманғазы атындағы Қазақ академиялық оркестрінің көркемдік жетекшісі - бас дирижері.
- 2008 жылдан бері - Астана қаласы Мемлекеттік филармониясының қазақ халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі бас дирижері.
Шығармалары
«Домбыра ойнау өнері» (1989), «Домбыра үйрену мектебі» (тең автор, 1992), «Музыка» (тең автор, 2001) оқу құралдарының, «Шалқыма» (1997), «Шаттанамын» (1997) кітаптарының авторы.
Жеке қасиеттері
- ҚР Композиторлар одағының мүшесі (1999 жылдан).
Марапаттары
- ҚР Еңбек сіңірген қайраткері (1994)
- Өнертану мамандығы бойынша профессор (1997)
- ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері (2007)
- Атырау облысы, Жылыой ауданының Құрметті азаматы (2007)
- "Қазақстан республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл" медалімен марапатталды (2011)
- Атырау облысының Құрметті азаматы (2014)
- "Қазақ хандығына 550 жыл" медалімен марапатталды (2015)
- "Алпамыс батыр" медалімен марапатталды (2017)
- "Түрксой" медалімен марапатталды (2017)
- "Қазақ ұлттық өнер университетіне 20 жыл" медалімен марапатталды (2018)
- "Парасат" орденінің иегері (2018)
- Махамбет атындағы сыйлықтың иегері (2019)
- Қазақстанның халық әртісі (2025)
Отбасы
- Тұл ер. Жұбайы - Елеуғалиева Нұрсұлу Хайроллақызы (1950-2009), қобыз сыныбы бойынша оқытушы болған.
- Қыздары - Жайымова Гаухар (1973 ж.т.), Жайымова Гүлмира (1975-2009);
- ұлы - Жайым Арман (1983 ж.т.). Композитор, дирижëр<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
Санат:
- 5 мамырда туғандар
- 1947 жылы туғандар
- Жылыой ауданында туғандар
- Күйшілер
- Домбырашылар
- Қазақстан сазгерлері
- Қазақстан дирижерлері
- Дарын мемлекеттік сыйлығының иегерлері
- Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері
- Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының профессоры
- Атырау облысының құрметті азаматтары