Абдрахман Асылбек

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Абдрахман Асылбек - 1 мамыр 1938 жыл Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылы) - ақын.

  • ҚазПИ-дің тарих-филология факультетін бітіргеннен кейін мектепте мұғалім болған.
  • Аспирантурада оқыған, облыстық газетте
  • республикалық Қазақ радиосында
  • Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде қызмет жасаған.
  • «Жазушы» баспасы
  • «Жалын» баспасы
  • Қазақстан жазушылар одағындағы көркем әдебиетті насихаттау бюросында
  • Қазақстан жазушылар одағының Жамбыл облыстық бөлімшесінде
  • республикалық «Әділет» газетінде
  • «Мәдениет» газетінде
  • «Заң» газетінде
  • «Көзқарас» газетінде қызмет істеген.
  • «Заңгер» журналында бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары,
  • Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасының «Құқықтық Қазақстан» газетінің Бас редакторы болған, қазіргі кезде осы газетте бас редактордың орынбасары.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9</ref>

1955 жылы «Бейбітшілік бақшасы», «Жауды аяған жаралы» сияқты тырнақалды шығармалары басылған. Балаларға арналған алғашқы өлеңдер жинағы 1961 жылы жарық көрген. Содан бергі уақытта 31 жыр кітабын шығарды. Лирика, ән мәтіндерін жазып, сатира және аударма жанрларымен де айналысып келеді. Көптеген байқаулардың жеңімпазы, жүлдегер.

Шығармалары

  • Жапырақтар. Өлеңдер А., ҚМКӘБ, 1961
  • Қиял қиясында. Аңыздар.А., ҚМ КӨБ, 1963
  • Алтын дән. Ертегі А., «Жазушы», 1967
  • Ал атау аясында. Ертегі-поэма. А., «Жазушы», 1969
  • Ғажап бала. Аңыздар, ертегілер. А., «Жазушы», 1969
  • Балам туралы баллада. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1971
  • Әлемге үні тараған. Балладалар. А., «Жазушы», 1971
  • Көкорай көктем. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1973
  • Түрлі-түрлі бала бар. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1974
  • Туысынды таптық ба? Сатиралық өлеңдер. А., «Жалын», 1976
  • Светофор сыры. Өлеңдер. А., «Мектеп», 1977
  • Алтын арай. Өлеңдер, ертегілер. А., «Жалын», 1980
  • Ерден атайдың ертегілері. Ертегілер. А., «Мектеп», 1980
  • Достық балладасы. Балладалар. А., «Жазушы», 1981
  • Байқа, балақай. Өлеңдер. Әңгімелер. А., «Мектеп», 1982
  • Бәйшешектер. Ертегілер. А., «Мектеп», 1984
  • Хантау қойнауында. Деректі повесть. А., «Қайнар», 1982
  • Ақ тілек. Өлеңдер, жүмбақтар, ертегілер. А., «Жалын», 1985
  • За тучами - солнце. Сказки. А., «Жалын», 1986
  • Сауысқанның сәлемі. Сықақтар, мысалдар. А., «Жазушы», 1986
  • Сый қырлы сыбызғы. Ертегілер. А., 1988
  • Ақ моншақты аруым. Әндер. А., «Өнер», 1995
  • Шапағат шуағы. Өмірдерек. А., «Қайнар», 1997
  • Балбүлақ. Өлеңдер, ертегілер. А., «Рауан», 2000
  • Айдай сұлу аруым. Әндер. А., «Әуен», 2001
  • Әнші бала. Әндер. А., «Әуен», 2002
  • Сүйеді әкем. Әндер. А., «Әуен», 2003
  • Биназар батыр. А., «Марш» 2004
  • Байғозы батыр. А., «Мерей», 2005
  • Құранға құрмет. А., «Асыл», 2007
  • И.А.Крылов. Мысалдар. «Аударма», 2008.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Бастама {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}