Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Теңіз Геоморфологиясы"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
|
23:04, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы
Теңіз Геоморфологиясы, теңіз түбінің геоморфологиясы – мұхит пен теңіз түбінің құрылысын және дамуын зерттейтін ғылым. Теңіз геологиясы ғылымымен тығыз байланысты. Теңіз геоморфологиясында үш негізгі бағыт айқындалады:
1) жер қыртысының құрылымды геологиясы және Жердің геотектоникалық дамуын (морфоқұрылым) зерттеуге байланысты түп бедерінің ірі элементтерімен айналысу;
2) жер бедерін қалыптастырушы сыртқы күштерді (эрозия,мору, үгілу, абразия, денудаттану, т.б.) зерттеу;
3) мұнай және шашыранды кендерді іздеуге, су асты коммуникациялық құрылыстарын жобалауға, балық кәсіпшілігіне байланысты қалыптасқан қолданбалы Теңіз геоморфологиясы.
Дереккөздер
Қазақстан ұлттық энциклопедиясы