Морфоқұрылым

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Морфоқұрылым (грекше morphe – пішін, түр және латынша structura – құрылымы) – эндогендік (жердің ішкі), экзогендік (сыртқы) күштердің ұзақ уақыт әсер етуінен пайда болған жер бедерінің ірі элементтері және теңіздер мен мұхиттардың түбі. Мұнда эндогендік процестер (жанартау атқылау, жер сілкіну т.б.) жетекші рөл атқарады. Морфоқұрылымдар өздерінің морфологиялық құрылысының ерекшелігімен және жер қыртысының жеке бөліктерінің геология тарихының өзгешеліктерімен сипатталады. Екінші реттік Морфоқұрылымдарға жеке қырат, тау жотасы, ойыс, т.б. жатады. “Морфоқұрылымтерминін геоморфологияға алғаш рет 1946 жылы И.П. Герасимов енгізген.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев — Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том 27 бет.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Морфоқұрылым|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}