Теңіз Геоморфологиясы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Теңіз Геоморфологиясы, теңіз түбінің геоморфологиясымұхит пен теңіз түбінің құрылысын және дамуын зерттейтін ғылым. Теңіз геологиясы ғылымымен тығыз байланысты. Теңіз геоморфологиясында үш негізгі бағыт айқындалады:
1) жер қыртысының құрылымды геологиясы және Жердің геотектоникалық дамуын (морфоқұрылым) зерттеуге байланысты түп бедерінің ірі элементтерімен айналысу;
2) жер бедерін қалыптастырушы сыртқы күштерді (эрозия,мору, үгілу, абразия, денудаттану, т.б.) зерттеу;
3) мұнай және шашыранды кендерді іздеуге, су асты коммуникациялық құрылыстарын жобалауға, балық кәсіпшілігіне байланысты қалыптасқан қолданбалы Теңіз геоморфологиясы.

Дереккөздер

Қазақстан ұлттық энциклопедиясы

Сыртқы сілтемелер:

Темір дәуірі

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub