Қаратайқыз мұнай кен орны
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Мұнай кен орны Қаратайқыз мұнай кен орны - Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор темір жол стансасының шығысынды 85 км жерде, Каспий маңы ойпатының шығысында орналасқан. Кен орны 1948-1960 жылдары барланып ашылған.
Геологиясы мен сипаты
Кен қосқанатты тұз күмбезді құрылымнан тұрады.
- Неокомда 6, юрада 1 мұнайлы қабат барланған. Неоком қабаттары құрылым шоқтығында 260 м, юранікі 359 м тереңдікте.
- Иірімдердің биіктігі 11, кеуектілігі 20 м.
- Мұнайлы қабаттар терригендік таужыныстардан түзілген, коллекторлары кеуекті.
- Қабаттардың мұнайға қаныққан қалыңдығы 16 м (неоком) және 5 м (юра)
Құрамы
- Коллекторлардың ашық кеуектілігі 25-30%.
- Мұнайға қанығу коэффициенті 0,9.
- Мұнайдың тығыздығы 894-899 кг/м3.
- Күкірті аз - 0,32%.
- Парафині аз - 0,64%.
- Шайырлылығы жоғары - 28%.
Тағы қараңыз
- Кен орны
- Қазақстанның кен ресурстары <ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>