Өмірзақ Озғанбайұлы Озғанбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Ғалым Өмірзақ Озғанбайұлы Озғанбаев (9 маусым, 1941 жылы Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық кентінде туған) — ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері. ҚР Жоғарғы мектебі Ғылыми Академиясының Академигі, Педагогика ғылымдарының кандидаты, Тарих ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қызыметкері. «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі орталығының төрағасы (2013 жылдан бастап). Маңғыстау облысының Құрметті азаматы.

Толығырақ

Еңбек жолы

  • 1959 – 1971 жылдары Мектепте Аға пионер жетекшісі, оқытушы, мектеп басшысы мұғалімі, мектеп инспекторы лауазымдарын абыроймен атқарды.
  • 1971 – 1979 жылдары Аудандық партия комитетінің басшысы кафедрасының меңгерушісі;
  • 1977 – 1980 жылдары «Білім» облыстық ұйымының төрағасының орынбасары;
  • 1980 – 1988 жылдары Маңғыстау облыстық Педагог кадрларды даярлау, кәсіптік оқыту

басқармасының Өңірлік институтының директоры;

  • 1988 – 1990 жылдары Қазақ КСР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық оқыту орталығының директоры;
  • 1990 – 1996 жылдары Маңғыстау облысы Білім департаментінің басшысы;
  • 1999 – 2001 жылдары Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім беру академиясының президенті;
  • 2002 – 2004 жылдары Т.Рұсқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің про-ректоры;
  • 2004 – 2007 жылдары «Қазақ Мұнай Газ барлау өндіру» басқармасының бас директорының кеңесшісі; «Рауан Медиа Групп» АҚ бас директорының кеңесшісі;
  • 2007 – 2013 жылдары Маңғыстау облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы;
  • 2013 – 2016 жылдары Республикалық «ардагерлер ұйымы»ның атқарушы төрағасы;
  • 2016 жылдың маусым айынан бастап «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі орталығының төрағасы лауазымында.<ref name="KazEncycl">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Мемлекеттік қызыметтері

  • 1994 – 1995 жылдары Қазақстан Білім және Ғылым жөніндегі министрлігінің жаңа технологиялар комитетінің мүшесі.
  • 1996 – 1999 жылдары*ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Аймақтық даму және жергілікті басқару комитетінің төрағасы, Қазақстан халқының бірлігі партиясының фракциясының төрағасының орынбасары.
  • 1999 жылы ҚР Парламенті сенатына депутаттыққа үміткер (Маңғыстау облысынан);
  • 2003 жылы ҚР Парламенті Мәжілісі депутатына үміткер.<ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Ғылыми атақтары

Мемлекеттік марапаттары

Еңбектері

ҚР нарықтық экономикаға өту кезеңінде оның заңдық негізін салуға қатысты. 200-дей ғылыми танымдық мақалалардың, 19 кітаптың авторы. Негізгі еңбектері: * «Ресей Мемлекеттік Думасы және Қазақстан»,

  • «Жарығы өшпейтін жұлдыз»,
  • «Дорога в будущее»,
  • «Көкжиек»,
  • «Тоғысқан тағдырлар түбегі»,
  • «Рух күрескері»,
  • «Духоборец»,
  • «Жантануға кіріспе»,
  • «Келбет», т.б.

Дереккөздер

Үлгі:ДереккөздерҮлгі:Bio-stub